Қытай орталығындағы қазақ үні
ҚХР Орталық радиосы қазақ бөлімінің тете аға дикторы, ақын Балапан Рабатов 1961 жылы көкекте туған. «Ақша қарда із жатыр», «Сырғалым», «Дәурен-ай», «108-пәтер» қатарлы әдеби кітаптардың, «Сортаң тағдыр, тарпаң таланыт» сынды 30 ға жуық сынни мақалалардың, «Толғаныстар», «Күндік көтерген әйел», «Өмір сәні» қатарлы көптеген көркем аудармалардың, «Шаңырағым», «Қазағым-ай», «Ақжолтай» қатарлы 50 ден астам ән текістері мен ән әуендерінің авторы. Ұлттар баспасынан жарық көрген «20-ғасыр әдебиет қамбасы» атты көп томдық акедемиялық жинақтың поэзия бөліміне бас редактор болды. Балапан өз орындауында радио-теле таспаларына 30 ға жуық ән жаздырды. Бұдан тыс «Сұхбат», «Өнер өлкесінде», қатарлы радио бағдарламаларын, «Дабыл», «Жас дәурен» қатарлы радио тиятрын әзірлеп және жүргізіп тыңдарманға ұсынды.
Ақын, әнші, компазитор, аудармашы, диктор атақтарын арқалаған Балапан Рабатов Шинжияң қазақ-қырғыз әдебиетінің тұңғыш «Тұлпар» силығының иегері. Мемелекеттік ұйғыр-қазақ тіліндегі радио-теле номерлерін бағалауда бір рет бірінші, екі рет екінші дәрежелі жүлдесін еншілеген. Пекиндегі орталық радиосының ұлттар өзегі бойынша қатарынан екі мәрте үздік қызыметкері болыпбағаланып, Шиынжияң-Шизаң инженериясының 3 дәрежелі еңбегі жазылды.
Балапан Рабатов
- Өзге бір мемелекеттің орталығынан Қазақ радиосын сөйлетіп отырсыздар, бұл қуанарлық жәй. Дей тұрғанмен, радио толқынында ұлттық мәселелер айтылама, қаншалық деңгейде?
- Меніңше Қытай елі жат жұрт емес, ел аралық қарым-қатынастардың қол жеткізген жемістері көршілес Қазақстанның економикалық жақтан серплуіне тыйымды ықпал жасағандығын растайды. «Алтын аймақ», «Азаматтың айтары» секілді бағдарламалар ұлт болашағы, азаматтық ар-намыс, салт-дәстүр туралы ашық сөйлеуге ұқықты. Менің байқауымша Қытайдағы ұлттық саясатқа, береке-бірлікке күмәнмен қараудың сарқыншағы әлі де жоғала қоймаған тәрізді. Бұрынғы Кеңестік дәуірдегі көршісін құбыжық етіп көрсетудің зардабы шөккен тұман секілді тарамай жатса керек.
Ұлттық мәселе көтерілгенде оны әсте айғайға апаруға болмайды. Ұлтын сүю қылмыс емес. Алайда, демекортияның өзі әр елдің өз жағдайына қарап жасалады. Жеке бастың қуаныш, жұбанышын жалпы жағдайға зорлап таңуға болмайды. Қытайдағы барлық ұлттың терезесі тең. Алайда, өңірлік, және тарихи мәселе салдарынан мәдениет пен економикада кенже қалған ұлттар біршама санды иелейді, саясат барлығына ортақ болса да сонан өнімді пайдаланудың жолдары әр басқа содан барып айырмашылық, парық деген сөздер туындайды. Бейнелеп айтқанда: Акуланың шабақтарды жүта қоярдай ойы болмаса да ойпыл-тойпыл теңізде тебірініп жүріп- ақ ашық аранның асына айналарымыз хақ.
- Бүгінгі таңда Қытайда қазақ тілінің таралу аясы қандай?
- Ана тіліміздің болашағы енді ғана еңсе көтерген Қазақ елінде кокейтесті мәселеге айналып отырғандығына қатысты ахпарат көздері мен басылымдардан біліп тұрамы. Ал, Қытайда жоғары, жаңа техниканың еселеп енуіне байланысты Қытай тілі мен ағылшын тілін меңгеру әр ұлт азаматтарының алдына қойылған мұқтаждық реал өмірдің өзінен туындаған, жалтаруға болмайтын жалпылық ағымға ұласып отыр. Бір есептен қытайлардың шет тілдерге болған ынта-ықылас қалай болса, Қазақтарда одан кем соқпайды. Қазақ тілінің қолданылу аясы айтарлқтай тарылмаса да, ана тілге деген құрметтің азаю нысайлары өзгеден емес, өз тарапымыздан белең беріп отырғандығын жасыруға болмайды. Соған қарамастан Қазақ тілінің хал ахуалы, беделі мен бедері төмендеген жоқ. Жалпы тұлғадан алғанда қазірше төбемізден төніп тұрғанқауып-қатер шамалы.
- Сіздер орталықтан таратқан Қазақ радиосының үні қиырдағы қандастарымызға жетеме?
Пекиіндегі орталық радиода Қытайларды қосқанда алты тілде жұмыс істейді, қазақ тілінде берілетін бағдарламаларға 35 жыл болды. Оның шарпу көлемін, көмкеретін аумағын күн санап ұлғайту үкіметтің де, халықтың да назарындағы нәрсе. Моңғолиядағы, Қазақстандағы қандастарымыз радио қабылдағыштан тікелей тыңдаса, Еуропа елдеріндегі қандастарентнр торабы арқылы қабылдайды.
- Сіздерде қазақ маман жетіспеу мәселесі болды ма?
Қазақ тіліндегі радиоға маман жетіспеу жағдайы жалпылық сипат алмайды. Тәулігіне 4 сағат еферге шығатын берілімді деңгелек айналдырып әзірлеп жатқан қыз-жігіттеріміз баршылық. Алайда, амбебап радиошылырдыңқосынын қалыптастыру іс-шаралары енді-енді қолға алына бастағандай...
- Сіздің радио саласында көп жылдық тажрибеңіз бар. Енді ғана есін жиған сәби отанымызға келіп, осы саладан үлес қосу ойыңыз жоқпа?
Ел аралық қарым-қатынастардың жиілеуіне, нығаюына байланысты көптеген салалардағы ауыс-күйіс аумағы кеңейе түскені мәләм. Демек, радио мен телевизия касіптерінің өзара тажрибе алмастырып, маман, оқымыстылар тарбиелеу үрдісі үзілмей жалғаса берсе игі.
«Үлес» деген сөзді айту оңай болғанмен оның көтерер жүгі ауыр. Көлде тамшыдан құралады. Сол сияқты әр азамат өзінде бар мүмкіндіктерді ұлттық өркениет үшін арнай білсе нұр үстіне нүр. Қытайда тұратын қазақтардың әр саладағы жетістігі айналап келіп өз ұлтының мәдениеті үшін қызымет өтеуде. Ұлт үшін еңбек ету тек ғана Қазақстанда жүзеге асады деу бір жақтылы көзқарас. Қай елде, қай жерде жүрелік, ділің, тілің аман болса, өзгеде бауырлас ұлттармен берекелі жағдайда жарасымды өмір сүрсең Қазақ мәдениетінің көкжиегі кеңеймесе тарылмайды.
- Жалпы қазақ әдебиетіне, соның ішінде өзіңіз жалына жармасқан поэзияға көзқарасыңыз?
Исі қазаққа ортақ әдебиеттің ірге тасын қалаушыларды саналы қауым жақсы біледі. Поэзияда Абайдан Мұқағалиға дейінгі кеңістік сандаған жарық жұлдыздар шұғыла шашқан ғажайып әлем. Ал, алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгірер дегендей оның бәрін дізіп отыру мүмкін емес. Екі елдегі саяси атмесфора екі басқа болғанына қарамастан әдебиет айдыны өз ирімін жасап, өз ескегін есе білді десек қателеспейміз. Бұл тұрғыда екі елдегі тілі бір, тынысы бөлек тұлғалар бәрі бір көркем әдебиеттің шынайы деңгейінде табысып, қауышып кетті. Бұған мысал көп. Сондықтанрухани байланыстар шегарамен шектелмейді. Мен Омарғазы, Задахан, Құмарбек, Әзілбектерді іздеп оқыдым. Сәлі, Нұрлан секілді ағаларым маңдайымнан сыйпады. Мұқағали, Қадыр, Тұманбай, Жұмыкен, Төлегендерді жаттадық. Пекиінде Орталық үниверситеке сабақ беріп жатқан Тұрсын Жұртбаев кезекті бір жәй кездесуде «жынымыз бір екен-ғой бауырым» дегені бар. Сол жынға саналы түрде ие болып, оны одан ары халықтың жүрегіне жақындатып, жалғастырып әкете алсақ жарайды. Толғатып жазғаның өзгелерді толғандыруға жараса ақын болғаның, мейлі бір сәтке болса да.
Техниканың тегеуіріні үстем тұрған заманда, сезім, түйсік деген нәрселер нәрестенің бойында ғана қалған тәрізді елестейді. өзге ересек адамның бәрі қарбалас, жылы сөз айтуға мұрсасы жоқ. Ал, пэзия нәзік, сұлу құбылыстардың айнасы. Демек, ақын болудың азапты жолы енді басталғандай.
- Баспа беттерінен аудармаларыңызға таныспыз. Сізді осы салаға әкелген не нәрсе, қандай қиыншылықтар болды?
Аудармамен айналысуға мені өзге ұлттардың ойлау жүйесі қызықтырды. Содан барып өлең, көркем аудармаға бет бұра бастадым. Менің алдымдағы бірден-бір қиыншылық Қытай тілінің көне сөздері немесе байырғы Қытай тілі болды. Бұл өзі бүкіл өмірің сарып болатын сала. Шама жеткенше қызықтырған жанырлар бойыеша еңбектенетін шығармын.
- Әдебиеттің болашағы жоқ деген сөзге қалай қарайсыз?
Ол күнге өмірімнің жетпейтініне қуанамын. Бүгінгі қазақ жастарының арасында, кейіннен белең алған бір үрдіс ән жазып, шығару. Ақында, әнші де өзі, мүмкін күндер өте тыңдарманы да өзі ғана болатын шығар.
- Сіз композитор ретінде осындай талғамсыз таланыттар турасында не айтасыз?
Қазақ жастарының өнерге ынта танытуы қуанарлық жай. Әніннің әуенін, мәтінін өзі жазып, өзі орындауда құптарлық құбылыс. Алайда, микрофонның күшімен, студияның ішімен жүріп бір кеште айдай әлемге атымды шығарам деушілердің, немесе дүрмекке ілесіп, әйтеубір ақшаның күшімен өнер өлкесіне отау тігем деп дәмеленгендердің аяғында қара жарысқада қауқары жетпей өзінен өзі көштен қалып қояры сөзсіз. Күшті бейімділік болмай тұрып бекер босқа қанжілік болмағаны дұрыс. Егер әдемі даусы болса әнші болғаны жөн. Сазгерлікпен ақындықты қоса жеңіп, аяғында иә әуен, иә мәнін, иә орындау ойдағыдай болмай мәдени қоқыр-қоқсықтарды молайтуға ғана жараса жаман. Шәмші де мәтін жазған. Бырақ , бір-ақ рет ғана. Ол кісі шын мәнінде таланыт. Ал, талапкердің жөні бөлек. Жаратылыс барлығын сыйлаған болса оны халықта жатсынбайды. Шамаға қарап шарықтаған дұрыс. Адам бойындағы игі қасиеттердіғ бірі өзін-өзі шамалай білу. Қазақ көркем сөзі оның ауыз екі тілінен тым парықты болады. Сондықтан, көркем өнерге тым қарабайыр сөздерді тықпалай беру абырой әпермейді. Эстрадалық әндергі сондай рол және әуендердегі мәтіннің жұтаңдығы жас әншілерде жиы кездесетін дертке айналып отыр.
- Өнерде болсын, өмірде болсын өзіңізді жиы мазалайтын толғақты түйіндер?
Мені жиы мазалайтын нәрсе, Ана тіліміздің қадыр-қымбаты. Оның беделі мен абыройы аяқ асты болған сайын жүрегіме шәншу қадалады.
- Әңгімеңізге рақымет!
Сұхбаттасқан: Талапбек ТЫНЫСБЕКҰЛЫ
12.06.2006 ж
6alash ұсынады