Сағи Қайрасұлының әні "Сұлу Сайрам"


Сағидың соңғы көз жасы

(ағартушы, музыка маманы Сағи Қайрасұлы хақында)

1

Ол соңғы рет көзін ашты. Жанарынан аққан бір тамшы жас жылыстай барып Емхана төсегіне сіңіп кетті. Қайратына мінген қарт ұстаз, көңілін сұрай келген қызметтестерыне өкіншке толы жанарымен қарап:
- Қайран мектеп, мектеп! көркемөнер мектебі кетеуі кетті ғой, мектепті аман алып қалыңдар! -деген соңғы өсиетімен бақи дүниеге аттанып кетті. Бұл 2008-жылдың 26-желтоқсаны еді. Ақытық демнедейін қарабасы емес, қараша халқының халын ойлап, соңғы өсиеті де соған бағыштап, көз жұмған Қайран сабаз арамыздан аттанғалы да аттай желіп он жыл өте шығыпты.
Сағи ұстаздың соңғы көзжәсінің сырын, «Қайран мектеп» деп егіліп, күрсінуінің мәнін осындан алты жыл өткен соң, 2014-жылдың маусым айында, сол мектепке тілшілік сапардың сәті түскенде біліп, аяулы ұстазға тағы бір тебірендік. Сосын әңгімені арыдан бастауға тура келді!

2

Мыңдаған жылдар аясында ұлы дала көшпелілерінің шыңдалған ғажайып Мәдениетінің бірден-бір мұрагері қазақ халқы болғаны анық. Олар сол ұлы мәдениеттің арқауын үзіп алмай, күні бүгінге дейін жеткізіп келеді. Сосын да олардың тарихын сөзбен емес, сазбен жазуға қуаты еркін жеткен еді! мәңгі тас "күлтегіннң "мәтіндеріне үңілмей-ақ, әл-фараби ғұламаның сарғайған кітаптарын ақтарсақ та, музика тарихымыз, тіпті музика назариямыздың өзі 9-ғасырдан басталатынын ескеруге кім хақылы емес? !
Осы уақытқа дейін ғылми тұрғыда қазақтың дәстүрлі музікәсі біртұтас мәдени-Рухани құбылыс ретінде парақтала қоймасада, қазақ музікәсі жалпы қазақ тарихы аясында мәдени-Рухани айғақ ретінде зерделеніп келе жатқанна да шүкірлік. Әлем жәһәнгездері емен көшпелілер мәдениетін зерттеуге аңсары ауған европа ғалымдарының сілекейін шұбыртып, "бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай "дегізген қазақ музика мәдениетінің шырқау шыңға көтерлген шағы 19-ғасыр болатын. Дарабоз дала дарындары Құрманғазы, бейсенбі, Біржансал, ақансері, қожеке, үкілі Ыбырай, тіпті кешегі өткен,Дәнеш пен тәйірғадейін қазақ көркемөнері үшін бір-быр мектеп болғанын тамсана, сағына еске алмаса тарихтың өзіне сын!
Көз қуантып, көңіл өсірер нәзік үн, мұңлы сырға толы сарын жүрегіңіздің нәзік қылын шертіп, сонау кер дала торынен жақындай түскен ат тұяғының дүбірін, қоңыраулы керуен үнін, жайлау төсін тербеген самал желдің сыбдырын, өмірдегі бар жақсылық атаулының қуаныш, күлкісін әкелер еді құлаққа. Дүбірі алысқа жеткенімен, ғұмыры қағаз бетінен қоныс таппай келген осыбр дала көркемөнері, сахараның сазды мәдениеті ғасырлар тоғысында, әлемдік сұрансқа ілесіп, сахнаға көтеріліп, жүйелі назариясы, арнаулы білім алған мамандары болуды қажет етті. Сонымен, алты қырдың астынан әуелетіпән салып, күмбірлетіп күй шертіп, өнсегізмің ғаламды сітлтідей тындырып өте шыққан кешегі бабалардың шығармалары хатқа түсіп, ұрпақтары арнаулы көркемөнер мектептерінде оқи бастаған. Қазақ музика мәдениетінің халықаралық өреде қордалана бастауы қазақ елінде 1930-жылдардан кейін Ахмет Жұбанов, болат Сарыбаев қатарлы мамандардың қолымен жасалды.

3

ҚЫТАЙ қазақтарында жаңа Қытай құрылғаннан кейін алғашқы қадамын бастады. Сол шақта қазақ тіліндегі арнаулы көркемөнер мектебі болмасада, партиямыздың ұлттық саясатының жебеуімен, орталық музика коллежынан құлдай Шаңхай, ши-ан музика коллеждары аз ұлттардан оқушы қабылдап көптеген әр ұлт түлектерін тұғырынан ұшырды. Абылай Жабықбаев, сағи Қайрас ұлы, Пәтиха мәлік қызы, рәпила нұрмұхамет қызы, кәрім абдырахман ұлы, қабылалды Абдолла ұлы қатарлы өнер Қайраткерлері әне сол азаттықтан кейін оқып жетілген алғашқы топтағы мамандар болатын! осыдан кейін еліміз қоғамында 20 жылға жалғасқан аласапырандық жағдай бұл үрдістің көшін тоқтата тұруға мәжбүр етті де, 1975-жылдан кейін ғана қайта оңала бастады. Тұралауға шақ қалған көркемөнер үйірмелерін қайта оңау, халықтың мәдениет, көркемөнерге деген қажетін қанағаттандыру үшін арнаулы кәсіп иелерін тәрбиелеу шұғыл қажет болды да, 1974-жылдан бастап іле қазақ Автономиялы обылысы, іле педагогика мектебінде қазақ тіліндегі көркемөнер класын ашып, музика, би кәсібінен сабақ өткізе бастаған. Партия орталық көмитетінің 11-кезекті 3-жалпы мәжілісінен кейін, "реформа жасап, есік ашқан "ұлы саясаттың шуағы еліміз қоғамындағы әрсалані сара жолға бастап, жаңа көктемін бастады. Сол қатарда ұлттық оқу-ағартуға да ерекше ден қойылды. Жас өркендер бастауыш, орта-орталау мектеп партасында-ақ, әр алуан сабақтан нәр алып, болашақ армандарына негіз қаласа, жоғары мектептерде арнаулы мамандықтар бойнша білім беретін кәсіптер шаңырақ көтерді.
1974-жылдан бастап бір кластық оқушымен керегесін жайып, шаңырақ көтерген іле қазақ автономиялы обылыстық мәдениет-көркемөнер класы, Күйтің, Құлжа, Шиху сынды қалалардың әр түкпірінде көше жүріп шәкірт тәрбиелейді. Осынау жағдайсызжылдардың өзінде осы кластан түлеп ұшқан шәкірттер облыс, аймақ, аудандардағы ән-би үйірмеләрінің тіректі күшіне айналып үлгіреді. Көшпелі сахара мектебіндей қоныс таппаған Білім ордасы, 1987-жылы ел ағасы жанәбіл Сымағұл ұлының нұсқауымен Күйтің қаласына бір жолата ірге тепті де, іле қазақ автономиялы обылыстық мәдениет-көркемөнер мектебі болып ресіми құрылады.
Көркемөнер үйірмелеріне әртист, ауыл-қыстақ мәдениет отауларына қызметкер, бастауыш мектептерге мұғалым тәрбиелеуді басты нысана ете оқыту жүргіз ген өнер мектебі, 1988-жылдан кейін, сурет, Кітапхана кәсіптерін ашса, 1990-жылдардың ішінде оқытушыларды Қазақстанға оқуға жіберіп, өнер ордасы жан-жақтылы кемелдене түседі.
Шолпан қала күйтіннің шаңырағынан шарықтай көтерліп, жұңғардан ескен ма ида самалымен сайын сахараға тарап, қазақтың өнер шаңырағына құт боп қонған сол бір әуен, сол бір жетелі шәкірттер бұл күнде өнердің бағын жанд ырып, көркемөнеріміз үшін табан ет маңдай терін арнауда!
Аты да, атағы да алысқа жайлып десі өрлеген аяулы өнер ордасы, іле қазақ автономиялы обылыстық мәдениет-көркемөнер мектебінің тағдыры 2002-жылдан кейін тайқылана бастаған. Өйткені осы жылдан Бастап, іле оқу-ағарту коллежына, одан іле педагогика коллежына қосылып, қазір шинжяң қолданылмалы кәсіптік ғылым-техника коллежнің ән-би факултетыне айналып қалған!
Күйтіңдегі тілшілік сапарымызда, бұл күнде кетеуі кетседе, бабы келіп, бағы өрлеп тұрған шақтарын сағынып құлазыған өнер ордасын көрдік. Иен қалған сынптарды, тілшігін шаң басып күңіреніп тұрған күй сандықты, қаңтарылып қабырғада ілулі қалған қобызды көрдік. Аяулы ана мектебінде бір ғұмыры өткен ұстаздарға, жарым жүрегі сонда қалған шәкірттерге жолықтық. "Қайран мектеп "десіп көзжәстәрінә ерік беріп олармен бірге көңіліміз босады. Я, бұл түсінгенге, еліміздегі біржарым миллион қазақтың жанарынан өнер кезіндегі ордасын сағынып аққан өкініш пен арманның жасы еді расында!
Я, тағы мектептің отын өшірмеуге тырмысып, жанталсып жүрген басшыларын, көзге қуаныш, көңілге медеу ән-мен күйді әуелетіп сабақ өтіп жатқан ұстаздарды көріп, дәтке қуат буынмызды Бекітіп сенім арқалап аттандық!
Құлағымызға жас Ұстаз аманның халқтық әуені жетті. Алстап барамыз жұңғардан. «Іле қазақ автономиялы обылыстық мәдениет-көркемөнер мектебі» деген жүрекке ең жақын, ең ыстық бір сөйлемді қайталай бердік бәріміз. Ойхой, аяулы өнер ордасы енді сенің аулаңнан, сан шәкірттің алдында сағи шалған пиянино даусы, дәулет шерткен қоңыр домбыра күмбірі, кәдек пен дабыр тартқан қара қобыздың сарыны тынбағай!

4

Ұлы жүрек, кемел тұлға бізді солай жылатып кетті, жырлатып кетті. Шын мәнінідегі қайғи-қасыретті, қимастықты, сағынышты, даңықты өмірді сағи қазасы арқылы тағы бірет түсінген жұрт, оны соңғы сапарға амалсыз аттандырып, жер анаға қайта табыс етті.
Жәйірдәй жайсаң жан еді,
Сайрамдай тұнық жүрегі.
Арманы шәкірт, ән еді,
Әлемге ортақ тілегі.
Адамда алтын дән еді,
Майлының маңғаз түлегі.
Сәулесін шашып санаға,
Сапарда санысз жүдеді!
Талықпай шапты күдірден,
Талса да, иық, білегі.
Жаңғырды әсем сазында,
Жалғанның шуақ, түнегі.
Саздарын жалғап қаздарға,
Сарғайды, толды, түледі!
Дем алды ақыр мәңгілік,

Дем алмай өткен ұл еді!
Дарындар аздау өмірде,
Даналардың бірі еді!
Қарапайым сол бейне,
Қаратаудай ірі еді!
Біздің қолымыздан осыбыр өлең жолдар арнау ғана келді!
Өмірін өнеге, өнерге арнаған, ең соңғы минуттарына дейін туған еліне, ұрпақ санасын ағартуға жұмасаған әйгілі ән ұстазы, сазгер, қарт педәгөк Сағи Қайрас ұлы 1937-жылы Тарбағатай аймағы Толы ауданының майлы тауында дүние есігін ашады. Туған ауылынан хат-сауатын ашып, бастауышты тауысқан болашақ маман одан ары, Шәуешек қаласындағы орталау мектепте, 1953-жылдан 1956-жылға дейін гимназияда оқуда болады. 1958-жылдан 1963-жылға дейін орталық музікә коллежынан ән кәсібін оқыйды. 1963-жылы оқу бітірген сағи Қайрас ұлы, іле қазақ автономиялы облыстық мәдениет, оқу-ағарту басқармасынан қоғамдық қызметін бастайды. 1966-жылдан 1970-жылдарға дейін Қорғас ауданының Сарбұлақ ауылында қайталай тәрбиеде болады. Ол тұста да, ауыл аралап ойын қоию, үйірме жетекшісі сияқты қызметтер атқарады. Кейін заман оңалғансоң, 1980-жылдан Бастап, жаңадан шаңырақ көтерген іле қазақ автономиялы облыстық көркемөнер класының оқытушыары меңгерушісі болады.
1974-жылдан бастап бір кластық оқушымен керегесін жайып, шаңырақ көтерген іле қазақ автономиялы обылыстық мәдениет-көркемөнер класы, Күйтің, Құлжа, Шиху сынды қалалардың әр түкпірінде көше жүріп шәкірт тәрбиеле иды. Осынау жағдайсыз жылдардың өзінде сағидай ән маманының олынан түлеп ұшқан шәкірттер облыс, аймақ, аудандардағы ән-би үйірмеләрінің тіректі күшіне айналып үлгіреді.
, іле қазақ автономиялы обылыстық мәдениет-көркемөнер мектебі ән кәсібінің тіректі оқытушысы болған сағи Қайрас ұлы сандаған оқушыны қоғам қажетыне қарай тәрбиелеп, баптайды. Дүбірі алысқа жеткенімен, ғұмыры қағаз бетінен қоныс таппай келген дала көркемөнері, сахараның сазды мәдениеті ғасырлар тоғысында, әлемдік сұрансқа ілесіп, сахнаға көтеріліп, жүйелі назариясы, арнаулы білім алған мамандары болуды қажет етіп тұрған шақта құрылған мектепке дән Риза болған ақжұрек ұстаз қолына Қуана-қуана бор алып, қара дөскә алдында сағаттап сабақ өтіп, айқыш-ұйқыш ноталарға күй сандықпен тіл бітріп, сөйлетті ай келіп.
Өнер ордасында тілшігін шаң басып күңіреніп тұрған күй сандықытың тілішігі сол бір салалы һам ақылды саусақтарды сағынағынып тұрғандай.
Онсаусағы роялдың тілшігімен жарысқан ән маманының алдында, Майра мұхамет қызы, Ермұрат Зейпхан ұлы, Құрманбек Әлімғазы ұлы, Риза қайырбай қызы, Дәлелхан Әділбек ұлы қатарлы жүздеген шәкірт тұрды әннен сабақ алып! ғаламның үнін қос ішекте сөйлеткен дәулеттей дүлдүл домбырашы ұстаздың әр қағысын қалт жібермей телміріп, тағылымын көңілге тоқып, кітапха түсіріп, еркін ерген ұлы, Ербол абен ұлы, ұран ақатай ұлы, Құрманжан зікіриә ұлы, берік Төлепберген ұлы,Аршын Кәсімбайұлы қатарлы болашақ күйші шәкірттер отырды сол шақта!
Шолпан қала күйтіннің шаңырағынан шарықтай көтерліп, жұңғардан ескен майда самалымен сайын сахараға тарап, қазақтың өнер шаңырағына құт боп қонған сол бір әуен, сол бір жетелі шәкірттер бұл күнде өнердің бағын Жандырып, көркемөнеріміз үшін табан ет маңдай терін үздікісз төгіп келеді!
М. Гөрки: «Өмір сүрудің екі түрлі жолы бар: шіру мен жану, қорқақтармен сараңдар мұның біріншісін, көкірегі ояу, жомарт жандар екіншісін таңдап алады» дегеніндей мархұм сағи Қайрас ұлы халқының келешегі болған ұрпақтар үшін балауызди жарқырап жанып өтті. Аяулы ұстаз, ардақты өнер иесі, музікәнт, таңдаулы көркемөнер Қайраткері сағи Қайрас ұлы бүкіл өмірін мәдениет көркемөнер саласында Еңбек етуге арнады.
Дарынды ұстаз ұрапақ тәрбиелей жүріп, әдебиет айдынына, аудармаға, актерлыкке, ән жазуғада ат басын бұрды. 1963-жылы Әбдіманап әбеу үлымен бірге «Гұңчандаң болмаса, жаңа Қытай болмас еді» қатарлы 12 әнді қытай тілінен қазақ тіліне аударып, баспадан шығарса, сәулет төлеген үлымен бірге «Тау бүркіті» атты кино сенариясын қытайшадан қазақшаға аударды. 1964-жылы орталық кино студиясы жағынан алынған «Тау бүркіті» атты киноға қатынасып, кинодағы мал дәрігері қасеннің образын сәтті сомдайды. Бұл ғана мес, «Иүгүңдердің отаны», «Мен кіммін,», «Қарағым» қатарлы үш Дастан, «Адасқандарың оң жақпен жүріңдер», «Киімді сайтан», «Қанды қарағаш» қатарлы шағын драмма, комедия, өлеңдер жазып, "шұғыла "журналы қатарлы басылымдарда жариялайды.
Әйгілі музікә ағартушысы, дарынды композитор, ұлтымыздың ‐ орталық музікә білім ордасынан толық оқыған алған тұңғыш ұрпағы сағи Қайрас ұлы бүкіл ұлылығын, өзінен келген нәркөтере алмас атақ, даңық мәртебені қарапайым ғұмырына сиғызып өтті. Ол жетпіс жылдық жемісті ғұмырында ұстаздықтан өткен бақыт, байлық, мәрте бар дегенге сенбей өтті. Ол үшін әннен сұлу, өнерден ұлы дүние тіпті де болған жоқ. Сосын да, жетелі шәкірт тәрбиеледі, ұстаз жүрегінен әсем әндер де туды. «Сұлу Сайрам», «Құлжа», «Алтын алтай», «Ақ өзен», «Сауыншы жеңгей», «Сарбұлақ» қатарлы әндері тыңдарман жүрегіне жол тартқан сұлу саздар.

Сұлу Сайрам, толқыған көңіл ме едің, толқыны тентек өмір ме едің әлде? я, болмаса, домбыраның шанағына симай, оймен иырым тартқан Тоқсан тарау күй шығарсың? жо, жоқ ән екенсің мөп-молдыр. Оны бізге сағидай ұстаз өзіңе арнаған әсем әнімен ұғындырып кетті. Көз шанағына тола қалған, ып-ыстық сағыныш жасындай, сұлу Сайрам, өзіңдей тұнық, өзіңдей кемел сол бір жанды біз бүгін жағаңда тұрып та, өзіңе арнаған әнін тыңдап та жиі-жиы сағынамыз. Сосын "неткен сұлу жер едің, неткен сұлу көл едің?» деп мақтанышпен, емірне, елжірей қараған сазгердің сол қағылез жанарындай мөлдіреген пактікті тағы сол өнерден, әннен іздеп көңіл жұбатамыз. Жаса, сұлу ғұмыр, жаса, әсем ән, күмбірлі күй деп төрткіл дүниеге жар салығымыз келеді.
«Ұстазды бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, Яғни шәкірттеріне қарай бағалау керек» деп Ыбырай алтынсарин айтқандай сағи Қайрас ұлы шәкірт ғана емес, өнердің, ағартудың сандаған оқытушысын тәрбиелеген ұстаздың ұстазы. 1997-жылы даңықпен зейнетке шыққаннан кейін де, өмірінің ең соңғы сәттерінедейін ұстаздық борышын өтеуді Тоқтатпады. Өзгенің өнерге болған қажеттылыгі деп өзіндегіні сарқа жұмсады.
Аяулы ұстаз, көп терлеген тірлікте,
Ғұмырыңа қойылды ақыр бір нүкте.
Сазың мені жетелейді сәт сайын,
Сізді ұшырған қарашаңырақ, түндікке!
Жасай беремек сағи деген нұрлы есім,
Ғибыратты ғасырламен бірлікте!

Қуаныш ІЛИЯСҰЛЫ

2014.12.15

Алтай

6alash ұсынады