ТАЛАНТҚА ТАҒЗЫМ ШЫҒАРМАШЛЫҚ ҰЖЫМЫНДА "ҚАРАПАЙЫМ АДАММЫН" АТТЫ АҚЫН, САЗГЕР, ЕМШІ ТӨЛЕГЕН ҚҰМАРҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ ШЫҒАРМАШЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ.

Адамзат баласына жалпы ортақ дұнйелер көп... Соның бірі Алланың құдіретімен кей адамның басына үйіп-төгіп бере салатын "Жігітке жеті өнерде аздық етеді" дейтін киелі қасиеттерді айтуға болады. Талантқа тағзым шығармпшылық ұжымында бүгін (11.11.2020ж Сәрсенбі кеш) атадан, нағашы жұртынан жалғасып келе жатқан сондай киелі өнерді жастайынан жанына серік етіп 60 жастың өз қызғын көруді нәсіп еткен, қазіргі күнде біраз бел-белестерді бағындырып үлгірген Шығыс Қазақстанның Өскемен қаласына қарасты "НҰРЛЫ КӨШ" елді мекенінде қоныстанып халқына, отбасына шамасынша қалтықсыз қызмет жасап келе жатқан "Сегіз қырлы, бір сырлы" ақын, сазгер, қазақы емші Төлеген Құмар ағамыздың "ҚАРАПАЙЫМ АДАМЫН" деген жеке шығармашылық кеші болып өтті. Кеш тікелей жүрілу арқылы тыңдармандардың қойған сұрақтарына жауап беруді де кеш мазмұнына кіргізе отырып екі сағат мөлшерінде болды.

Төлеген ағамыз 1977 жылдан 1980 жылға дейін яғни 17-18 жас кездерінде әскерде болады. Боз жігіт кезде армияда болудың өзіде бір ғанибет емеспе! Алыста жүрген сол жастық шақта ТӨЛЕКЕҢ өзінің ауылында қалған айдай сұлу ғашық қызы БҰЛБҰЛ қызға сағынып өлеңмен хат жолдайды.

Солдан: Төлеген Құмар, Құрманбек Зеитінғазы, Сағдат Мырзахмет

Кейін 1991 жылы осы хат өлеңді "АҚ ҚҰБАША" деген әнге айналдырады. Осылайша боз бала кезінде арманына айналған ғашық жары БҰЛБҰЛ қызды ақыры қолына қондырып 1983 жылдары некесін оқытып, отыз күн ойын,, қырық күн тойын жасап дегендей қүдай қосқан жұбайлардан болып бес қыздың әке-шешесі атанып, қыздарының бәрін жоғары білім шаңырағынан сусындатып, әрі құтты орындарына қондырып бүгінгі күнде 20 ға тарта немересі бар бақытты ата-әже болып, солардың тілеуін тілеп, қызығын қызықтап, әулеттің ардақты ел ағасы, ел анасы, қамқор аға-жеңгесі болып әліде жазып-сызу, басқада тынымсыз еңбекпен шұғылданып келе жатқан қадірлі жандар... Жастық шағында шығарған махаббат әнімен бәрімізді бірден баурап алды. Әнді Абай деген әнші бауырымыз алғаш орындаушысы болып ел-жұртқа тамаша жеткізген екен. Ән аудио түрінде болғандықтан мақаламызда тыңдата алмаймыз, тек толық сөзін жазып қоса кетсек артық болмайды, ән осы жақын күндері кітапқа дайындаып нотағада түсірілген болатын. Ендеше әннің толық текісімен таныс болыңыздар...

"АҚ ҚҰБАША"
(жүрдек, назды айтылады)

Ақ құбаша арманымсың жылы жүзді,
Өзіммен бір санаймын өзіңізді.
Бұл менің ізгі ниет жүрек сөзім,
Көрген соң аитқан емес көзіңізді.

Қайырмасы

Ақ құбаша қынай бел,
Мені өзің сынай бер.
Көңіліңе ұнасам, құшағыма құлай бер.

Ақ қуаша ылайықсың асыл жарға,
Қосағын арманымның өзің жалға.
Ұшайық қос аққудай қосарланып,
Айдыны махаббаттың әлі алда...


Орындалуы:


Оңнан: Төлеген Құмар, композитор Дәкен Ырымхан


Бір кездері алаулаған ғашықтық отымен жазылған осы өлең сөзін 1991 жылдар жоғарыда аиқанымыздай тамаша әнге айналдырады...
Кештің жалғасы осылайша жастық кезеңдегі махаббат әнімен басталып ары қарай ортамыздағы диктор бауырымыз Әбен Тоқтарханның тікелей дауыстап оқуында кеш иесінің қысқаша өмір баянымен таныстық, одан кейін "Адам ұрпағымен мың жасайды, Тегін білген тектіліктің белгісі, Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер" деп Төлеген ағамыздың от басы-ошақ қасымен танысып дегендей ішінара жастақ шақтағы БҰЛБҰЛ мен Төлекеңнің және Атасы мен апасының бірге түскеен, бүкіл балаларымен немерелерінің жиналып түскен тамаша фота суреттері жіберілді. Арасында тікелей қойылған сұақтарға жауап беру барысында ағамыздың арғы өз жұрты, нағашы жұртынның өлең-өнер, шешендік пен кісілік, туыстық қарым қатынастың тамаша өнегелері дарыған, тақыр жерге щөп өнбейтіні сияқты бақ дәулет қонған текті әулеттердің ұрпағы екендігін білдік. Осы фота албом таныстырылмның жалғасы ретінде өз атасы Маруан Исашұлының тірлігінде өзі орындап кеткен, Шіңгіл ауданы арқылы бүкіл Шыңжаң өлкесіне кеңінен тараған "Шіңгіл көркі" деген өз күйімен 1984 жыл Жәнібектің қара шаңырағы Мырзақымет Зарықханұлының үйінде өнер жанашыры Сағадат Мырзақыметұлы атасы Заруаннан 15 ке тарта күй шеркізіп естелік ретінде жазып сақтайды , сол күйлердің ішіндегі халық күйі "Қара қасқа аттың шабысы" деген біз естімеген жаңа күйлердің куасы болдық.

Оңнан: Төлеген Құмар,Қалқаман Сариын

Күйші атаның таспаға жазып қалдырған өз жазбасында айтылғандай Найман елінде Тілеуке деген бай ас беріп, үлкен жиын-той өткізгенде ат бәйгесін оздырады. Керей елінен бес ат барады, сол бес аттың ішіндегі қара қасқа деген ат бәйгеге қосылған 200 аттың ішінен қара озып келіп ел ішінде аңызға айналса керек... Сол жүйрік сайгүліктің құрметіне арнап шығарылған халық күйін марқұм Заруан ақсақал бүгінгі күнге жеткізеді.

Атасы Заруан Исашұлы 1912 жылы ауқатты Зәңгі отбасында дүнйеге келген, жасында ел "Әулие" деп қадір тұтқан, Мұрақыл деген моддадан оқып ескіше сауатын ашқан, жастайынан домбыраға әуес болып сол тұстағы әйгілі домырашылардан тәлім адып "Халық күйшісіне" айналған, әрі өзіде күй шығаратын болған. 1998 жылы 86 жасында дүниеден өткен... Кешіміз осылай күмбірлеген тарихи күйлерден кейін ары қарай тағыда Әбен Тоқтархан, Элвира Маратбекқызы қатарлы таланты дикторлардың бұлақтың сыңғыр үніндей нақышына келтіріп оқыған дауытарымен мәнерлеп оқыған өз шығармаларына ойысты. Өздерінің отбасын асырау үшін бірі қалада, бірі далада қарбалас тіршілік-жұмыстарымен жүрседе құдай берген дауыстарымен, жан қалаулары бойынша ұлт өнерін насихааттап, талай шығармалардың бағын ашқан, бүгінде дауыстары түрлі әлеументтік желілерді шарлап жүрген екі диктордың оқыған өлеңін тыңдаған тыңдармандар Төлеген ағаның сан тақырыпта жазған өлеңдерінің мазмұндарымен сусындады .Одан ары қарай автордың бұрын-соңғы Ұрімжіден және басқа аймақ-облыстарда шығатын "Шұғыла" қатарлы журнал, гәзеттерде шыққан шығармаларының көшірме нұсқасы, басбадан жеке кітап болып басылған "ӘУЕЛІ БАЙЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ" деген қазақи емшілік жайында жазылған кітаьымен "ШҰҒЫНЫҚ" атты өлеңдер жинағымен таныс болдық. Одан кейін сазгер-әншілер Аман Қалиасқарұлы "БЕСІК АЛҒАН", Әбдірахман Әріпұлы "ЕКЕУМІЗ" деген ақынның сөзіне жазылған әндерін орындап көпшілікке сиға тартса, өз бауыры әнші-сазгер Рақмет Құмарұлы ақынның ертеректе жазған әндерінің бірі "ХАЛҚЫМ-АЙ" ды орындап кеш ажарын аша түсті.

Жалғасты қазақстаннан алған жұддызды марапаттары көрсетілді. Төлеген Құмарұлы Қазақстан Республикансы Денсаулық сақтау министірлігі жағынан "ХАЛЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ ЕМШІ" деген арнайы куәлік алып сол мекеменің толықанды мүшесі бол ыпты. Ватсап желісінде тікелей өткен кешімізде кеш иесі жігіт-қыздардың тіке қойған сұрақтарынада мүдірмей егжей-тегжейлі, асықбай, әрі мұқият жауабын беру арқылы тіптіде сыннан өткен тәжрибелі қаламгер, сақа ұстаз, білікті білім иесі екендігін тіптіде айқындай түсті... Кештің бел ортасында ҚР мәдениет қайраткері, ұлт қайраткері, "ОТАНДАС- ЕЛ" қоғамының төрағасы, ҚР авторлар қоғамының орынбасар төрағасы Мұқан Мамытханұлы кеш иесінің шын талантына құрмет белгісі ретінде ұжым атынан мүшеліке қабылдаған уәкілетті бүйрығын жариялап күтпеген си жасады... Өнер иесіне көрсетілген бұл тосын си шынында да көрегендікпен көрсетілген өте тамаша си болды. Мұқан ағамыздың қырағы ойымен жомарт мінезіне бізде риза болып қуанып қалдық. Өскемен қаласында тұратын әнші, композитор Бағдат Есдаулетва мен ақын Әскерхан Ақтай қатарлы қонақтарда жерлестерінің кешіне арнайы ұсыныспен шақырылды, жақсыы тілектерінде білдірді.


Осылайша ақынымздың кеш соңын Элвира Маратбекқызының арнайы оқып дайындаған ақынның "ҚАРАПАЙЫМ АДАММЫН"  деген жыр жолдарымен сәтті аяқтап кеш шымылдыған жаптық...

Кешті уақыт тауып тыңдаған қауым ілгерінді - кейіді шынайы құттықтаулар айтып, шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісіп, кеш иесі авторға үздіксіз тілектерін білдіріп жатты... Кеште берілген өлеңдерді, ән (видео) - күйлерді ФБ және "КӨСЕГЕ" сайты арқылы көре аласыздар...


Біз мұмкіндігімізше ақынның бойында бар талантын қазбалап, тартып, жетелеп, шабыт беріп алып шығу үшін шамамызша күш жігерімізді салдық... Өлеңдерді оқып дайындаған Әбен бауырыма, Элвираға, әндерді айтып кештің жақсы өтуіне күш шы ғарған Аман Қалиясқар бауырыма , Рақмет Құмарұлына т.б адамдарға алғысымдыы білдіремін...

Бойындағы таза талантымен әдебиетімізбен мәдениетімізге, ғалым-білімге өз үлесін қосып, адамгершілік тектілігімен ауыл-аймағына, жасаған ортасына күн нүрындай шуағын шашып үлгі-өнегемен бастамашы болып ел құрметіне бөленген Төлеген Құмар ағамызға мықты денсаулық, шығармашылық жаңалықтар, жақындарына амандық тілеймін. Ортамызда жарқырып, жайнап жүре бәріңіз...

Сайтқа мақала дайындаған Әбдірахман Әріпұлы

2020 жыл 16 қараша

6alash ұсынады