Қазақ медицинасы
Аға шипагер, балалар ауруының маманы Бақытбек қызырқан ұлы 1990-жылы Алтай аймақтық медитсинә мектебінің жалпылық пәнінен оқу тауысып, ажалға арашашы, ауруға медет болу қызметін Алтай қаласы алақақ ауылдық Емханасынан бастап осы орында 11 жыл істеп, 2001-жылы 11-айда ұйымның ұйғаруы бойынша шірікши ауылдық Емханасының бастығы болып 7 жылдан астам міндет өтеп, 2008-жылы жазда Алтай қалалық ана-бала денсәулығын қорғау Емханасының (Алтай қалалық ана-бала денсәулығын қорғау, жоспарлы туытқа қызмет өтеу және бас құрайтын жастардың денсәулығын тексеру орталығы) балалар ауруы бөлімінің жауаптысы болып алмасып келді.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы – қазақ халқының ғұлама ғалымы, қара үзген шипагері, 15-ғасырдың ұлы данышпаны, медицина ғылымының негізін салушы...
Қазақ емшілігі
Оташы Мәулішәріп Қапаұлының «Қазақ емшілігі» атты кітабындағы сынықшылық туралы жазбаларынан үзінді.
Қытайдың Алтай аймағы Бурылтоғай ауданында тұратын Мәулішәріп Қапаұлының «Қазақ емшілігі» атты кітабынан.
Қытай Халық Республикасы тарапынан мойындалған жеті халықтық медицина бар. Біз Шығыс медицинасы деп атап кеткен осы дәстүрлі медицинаның бір тармағы – қазақ емшілігі. 56 жыл бойы дәстүрлі емшілікпен айналысқан Қытайдағы халық емшісі, дәрігер Мәулішәріп Қапанұлы жақында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кездесу өткізіп, халық емшілігінің құпиясымен бөлісті. Мәулішәріп Қапанұлы – ҚХР Еңбек ері, «Жасампаз тұлға» мемлекеттік сыйлығының иегері, «Қытайдың әйгілі адамдары» кітабына аты енген жалғыз қазақ. Қазақ емшілігін 7 ұрпақ бойы мұра етіп сақтап келген әулеттің ізбасарын біз де әңгімеге тартқан болатынбыз.