Қабиба Сағынаеваның жәдігерлері
Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романының кейіпкері Қабиба Сағынаеваның жәдігерлері.
Қабиба Сағынаеваның домбырасы.
Домбыра ағаштан 60-шы жылдары арнайы заводта жасалған. Домбыраның бет жағы сары, астынғы жағы қоңыр түсті бояу лакпен боялған. Домбыра үш бөліктен тұрады: 1 – шанақ, 2 – мойын, 3 – құлақ. Шанақтың түбі – доғал үңгір, ал беті – жазық тегіс. Орта тұсында диаметрі 2см болып келетін дөңгелек тесік ойылған. Осы ойықтың екі жағында қолмен ойылған ою орны бар. Домбыраның екі ішегі оның шынағының түбіндегі түймеге бекітіліп, екі ұшы мойындағы пернелерді бойлай құлақ бұрауларына жалғанған. Домбырада 18 перне, құлақ бұрауы бекітілген негізгі тиек және шанаққа қойылатын алмалы – салмалы оюланған ағаш тиегі бар. 2001 жылы Қабибаның келіні тапсырған.
Ағаш, лак, заводта жасалған.
Ұзындығы – 99 см.
Бет жағынан бояуы аздап өшірілген.
Қабиба Сағынаевның күміс сақинасы.
Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романының кейіпкері Қабиба Сағынаеваның күміс сақинасы. Сақина ақ металлдан (күмістен) соғылған. Беті тік төртбұрыш пішінді. Екі шеті құс қанаты тәрізді ойылған. Ортасында кішкене шеңбер, оның сырты ромб, ромбтың төрт қабырғасының сырты тұсында төрт шеңбер ойылған. Негізгі бетінің бүйірі ұсақ ирек сызықтармен ойылған. Сақина қолдан соғылған зергерлік бұйымға жатады.
Ақ металл
Диаметрі – 2 см, беті – 1 см, 3 мм
Бетіндегі оюлар аздап өшірілген.
6alash ұсынады