Кәрім Әбдіраханұлы Тоққұлов, 1944 жылы 25 Желтоқсанда Алтай аймағы Буыршын ауданында дүниеге келген. 1960 жылы Алтай аймақтық ойын-сауық үйірмесіне қабылданып музикант, сазгер, дирижер, музиканттар дұйының бастығы міндеттерін өтеген. 1976 жылы Іле қазақ автономиялы облыстық ойын-сауық үйірмесінің сазгері, бас дрижері, музиканттар дұйының бастығы міндетін атқарған. 1982 жылы үйірменің орынбасар бастығы міндетіне, 1986 жылы облыстық ән-би үйірмесінің бастығы міндетіне тағайындалған. 2004-жылы желтоқсанның 30 жұлдызы зейнетке шыққан.

Гансу өлкелік ұлттар ән-би үйірмесінде (1973), орталық радио стансасыныңхор үйірмесінде (1976), музика жасампаздық бөлімінде (1978) және Шаңхай музика инистотының компузиторлық, дрижерлік факұлтетынде (1985), компузиторлық, дрижерлік кәсіптерінен білім алған. Мемлекеттік 1-дәрежелі композитор.

1985 жылдан облыстық әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің жорасы, облыстық музиканттар қоғамының 1, 2, 3 кезекті құрылтайларында қоғамның төрағалығына сайланып 4 құрылтайында қоғамның құрметті төрағалығына ұсыныс етілген. 1979 жылы Шинжияң музиканттар қоғамына мүше болған. Шинжияң музиканттар қоғамының 2 кезекті құрылтайында тұрақты жора, 3, 4, 5 құрылтайларында қоғамның орынбасар торағалығына сайланып, 6 кезекті құрылтайда қоғамның құрметті төрағалығына ұсыныс етілген. Шижияң әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің 6 кезекті құрылтайында жора болып сайланған. 1985 жылы Қытай музиканттар қоғамына мүше болып қабылданып Қытай музиканттар қоғамының 4, 5 кезекті мемлекеттік құрылтайларына, Қытай әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің 7 кезекті құрылтайына өкіл болып қатынасқан.

Музикалық жасампаздықпен шұғылданған 50 жылда 300 ден аса түрлі формадағы музикалық шығармалар жазған. Басты шығармалары: вокальдық шығармалар - «Уа, сүйікті отан ана», «Қызғалдақ», «Сарқылмас махабат», «Мақтанышым достарым» қатарлы әндер, «Айлы түн» (ер-әйел дветі), «Ақ сәуле», «Наз», «Толқын» Қатарлы триолар, «Сайра домбыра» (квәртет), «Сұлу саз», «Үри-ай» қатарлы сүйемелсіз хорлар. Аспаптық шығармалар - «Жылқышы қыз», «Қуаныш» және үш бөлімді «Тұлпар жыры» (сюйтасы). Би музикаларі «Айголек», «Көкпар», «Қоңыраулы қозы», «Қымыз жыры» қатарлылар және көп перделі пиесә «Ұйсұн рухы», өперә «салиқа-сәмен» (бірлескен), ұлттық музика тыйатры «Алтай аясындағы бір үйлы жан», ұласпалы хұжатты теле филим «Құтты мекен», ұласпалы әңгіме теле филым «Таңжарық» тың музикасы қатарлы кесек туындылар. Шығармалары сахнада орындалудан сырт орталық, автономиялы райондық теле станция, радио стансиялары жағынан таратылыпбыр бөлімі мемлекеттік, райондық сыйлықтарға ие болған.

Дрижерлік міндет атқару барысында үйірменің түрлі формадағы ойын қоию міндеттерін сәтті орындауына жетекшілік етумен бірге облыстық ән-би үйірмесінің қазақ ұлт аспаптары өркестірінің құрылуы мен дамуына белсене ат салысып, халық ән күйлері мен халық сәзгерлерінің шығармаларының сахнада, радио-ТелевизиәдәЖариялануы жолында елеулі Еңбек көрсеткен. «Қытай енсклопедиясы музика-би томының», «Қытай халықтық күйлер жинағының», «Бастауыш, орта мектеп музика оқулығының» құрастыру қызметтерыне қатынасқан. «Қазақ музикасы» (бірлескен), «Қазақ халық күйлері» (бірлескен, «ٴашым күйлерінің құрылымы жөніндегі алғашқы ойлар», «Ардагердің аты өлмейді», «Талап және талант», «Қазақ күй өнерінің еліміздегі өңірлік өркені жөнінде», «Байырғы саз не айтады?», «Байырғы саз тың баян» қатарлы мақалаларды жазып түрлі басылымдарда, ғылымый талқы жыйындарында жариялаған.
1994-жылы «Облыстық дарынды» болып бағаланған. 2002-жылы «Ясутәкә көжима» атындағы «Шинжяң мәдениет, мәдени мұралар қызметінің үздігі сыйлығын» алған. 2003 – Жылы «Шинжяң ұйғұр автономиялы райондық мәдениет меңгермесі мамандар көмитетінің» жоралығына ұсыныс етілген. 2007-жылы обылыстық Халық өкіметі берген «Қазақ ұлттық музікәсін қорғау мен мұрагерлік етуде көрнекті үлес қосқан озат жеке» сыйлығын алған. Обылыстық әдебійет – Көркемөнершілер бірлестігінің 1-, 2-, 3-кезекті құрылтайларында «Обылыстың мәдени өркениет құрылысына көрнекті үлес қосқан үздік» сыйлығын алған. Өмір баяны «Қытай осызаман көркемөнерінің әйгілі адамдары», «Қытай музиканттар сөздігі», «Қытай мамандар сөздігі», «Ғасырлық жоңго музыканттары», «Қытай қазақ мамандары», қатарлы кітаптарда, радио – Телеۉизиәдә, газет жорналдарда таныстырылған.

6alash ұсынды