Әбдіғани БӘЗІЛХАН
Әбдіғани БӘЗІЛХАН 1969 жылы 2 ақпанда ҚХР, ШҰАР Тоғызтарау ауданында дүниеге келген. Тоғызтарау аудандық №1 орта мектепті тамамдаған (1987). Тоғызтарау аудандық көркемөнер үйірмесіне қызметке қабылданған (1990, Ақпан.). Іле облыстық оқу-ағарту иниституты көркемөнер факультетінің «Бұқаралық мәдениетті басқару және ән мамандығы бойынша білім толықтырған (1996-1998). Шинжиян университетінің «Тіл-әдебиет» мамандығын сырттай оқып, баклавар атағын қорғаған. 1999 жылдан бастап аудандық мәдениет үйінің бұқаралық мәдениетті басқару кәсібімен айналысқан.
1986 жылдан бері қарай Тоғызтарау ауданының әр кезекті ақындар айтысының жыл сайынғы бас жүлдегері.
Іле аймақтық кәсіптен сыртқы ән байқауының бас жүлдегері (1989). «Солтүстік Шинжиян мәдениет апталығы» ақындар айтысының жүлдегері (1990). Іле аймағының «Сахара мәдениет апталығы» ақындар айтысында бас жүлде (1995), Іле аймағы бойынша «Таңдаулы ақындар» айтысында бас жүлде (1996), Құлжа қаласының 2 кезекті ақындар айтысында бас жүлде (1998), Қазақ облысының 12 кезекті ақындар айтысында ІІ-орын (1998), ШҰАР тұңғыш кезекті ақындар айтысында бас жүлде (1999), Іле қазақ облысының 13 кезекті ақындар айтысында бас жүлде (2001) иеленген. Гуаңжу қаласында өткізілген республикалық «Шоқ жүлдыз» өнер сауытына таласу фестивалына қатысып күміс медальмен марапатталаған (2001).
Іле қазақ облысының 14 кезекті ақындар айтысында І-орын (2004), ШҰАР екінші кезекті ақындар айтысында ІІІ-орын (2005), Іле облысына қарасты аудан, қалалардың екінші кезекті ақындар айтысында бас жүлде (2006), Іле облысының 15 кезекті ақындар айтысында бас жүлде (2007) иеленіп, облысқа, ШҰАР-ға еңбегі сіңген әйгілі ақын атағын алған. 100 ге жуық өлең, толғау, дастан, хабар мақалалары және ғылми мақалалары Қытайдағы түрлі басылымдардан жарық көрген. 30 дан аса ән, термелері радио, теледидардан орындалған.
Іле облыстық жазушылар қоғамының мүшесі, Шинжиян Таңжарық зерттеу қоғамының мүшесі, Іле қазақ облысының әдебиет-көркемөнер бірлестігінің тұрақты жорасы, Ауыз әдебиет қоғамының орынбасар төрағасы қатарлы міндеттерді атқарған.
2004 жылы сәуірден бастап ата мекенге қоныс аударған. Содан бері бірнеше рет республикалық ақындар айтысына қатысқан. 2004 жылы Алматы қаласында өткізілген «Қазақ әдебиеті» гәзетінің 70 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысына, 2005 жылы Талдықорған қаласында Сүйінбай Аронұлының 190 жылдық мерей тойына арналған халықаралық ақындар айтысына, 2005 жылы Райымбек Батырдың 300 жылдық мерей тойына арналған республикалық ақындар айтысына. 2006 жылы Тараз қаласында өткізілген Ұлбике Ханкелдіқызының 190 жылдық мерей тойына арналған республикалық ақындар айтыстарына қатысып жүлделі орындарды еншілеген.
Шымкент қаласында өткізілген республикалық шешендік өнер сайысында ІІ-орын (2010), Ақсу ауданының 80 жылдық мерейтойына арналған республикалық айтыстың ІІІ-орын (2010) иеленген.
2005 жылдан бастап Алматы облысы Райымбек ауданы мәдениет үйінің қызметкері, Ұзынбұлақ аулыдық мәдениет үйінің диеркторы, 2008 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылының мәдениет үйінің директоры болып, ауыл мәдениетінің дамуына үлес қосып келеді. 2012 жылы Талғар аудандық маслихатының депутаты болып сайланған. Талғар ауданындағы қызметі барысында аудан әкімі және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
6alash ұсынды