Германиялықтар: Кітапсыз отбасы – терезесіз үй
Германияның кез келген жерінен кітап оқып отырған адамды көресің. Оларды тек мектеп ауласынан ғана емес, алаң, аялдама, кофехана мен саябақтарда да кездестіруге болады. Қашанда әрбір германиялықтың сөмкесінен бір-екі кітап түспейді. Әредік уақыт шыға қалса кітаптарын алып оқи отырады.
Бұдан бөлек, германиялықтар кітап оқу мемлекеттің болашағына әсер етеді деп түсінеді, үнемі көп кітап оқу жастар мен жасөспірімдердің білім алу шеберлігін арттырып, қабылдау мен ойлау қабілетін жоғарылатады деп қарайды. Сондықтан ата-ана мен мектептің қадағалауынан сырт, үкімет те балаларды кітап оқуға шабыттандырып отыратын қоғамдық іс-шаралар аса мән береді. Тіпті бесінші сынып оқушысына да оқырман билетін беріп, кітапханадан кітап алып оқуына рұқсат береді.
Германияда жұбайлар баласы дүниеге келе сала кітапқа әуестенуге тәрбиелейді. Онда баланың тұңғыш ойыншығы кітап болады. Әке-шешесі әр күні ұйықтар алдына баласына кітап оқып береді немесе баласымен бірге кітап оқиды.
Германияның бастауыш мектеп оқушылары сабақты негізінен түске дейін ғана оқиды. Ал кітапхана сабақтан босаған уақытты пайдаланып оқушыларға алуан түрлі мәнерлеп кітап оқу іс-шараларын жиі ұйымдастырады. Мұғалімдер орта мектеп оқушыларына тақырыптық тапсырмаларды беру арқылы соған қатысты көптеген кітапты оқуын талап етеді.
Германияда әр отбасында кітап сөресі, кітап оқу бөлмесі жобаланып қана қоймай, тіпті, қонақ үйіне де кітап қояды. Ондағы кітаптарды үй иелері толығымен оқып шығады. Кітап сөресі ежелден үй безендірудің маңызды бір бөлегіне айналған. Германияның әрбір отбасында 300-ден астам кітап сақталып, шамамен адам басына 100 ден астам кітап тура келеді екен. Сондықтан да германиялықтар «Кітапсыз отбасын – терезесіз үй» деп санайды.
6alash ұсынады