Сағатбек Ақыметхажиұлы 1974 жылы 22 сәуірде Шығыс Түркістандағы Алтай аймағы буыршын мен Қаба ауданының арасындағы Кикбай деген жерде дүниеге келген.

Шығармалары Қытайда шығатын "Алтай аясы", "Шұғыла", "Іле айдыны", "Тарбағатай", "Жастүлек", "Әуе толқыны" журналдарымен алтай газеттерынде жарық көрген.

2010 жылы мамырда ата мекенге оралған қазақ еліндегі "Арқа ажары", "Бұланды таңы", "Үш қоңыр", "Шалқар", "Заман Қазақстан", "Жетісу" газеттерімен "Үн", "Қазақыстан әйелдері", "Тұмар" қатарлы журналдарда шығармалары жарық көріп келеді.

Сонымен қатар, "Қанас меруерттері", "Сезім тамшылары" "Алманағы", "О, ағажай", "Көкжал-түн", "Жеке жыр" жинақтары жарық көрді. "Бір шымшым топырақ" атты толық жинағы баспаға берілу үстнде.

Қазыр Ақмола обылысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылында тұрады.

Қанымда ағып ұлы Ертіс толқыны

О, толағай абызым
(Бекболат Тілеуханға шағым)

Алтай дейтін мәрт халық ат мінгізіп тон жапқан,
Ақыты мен Оспандай еңіреген ер жатқан.
О, толағай абызым халы мүшкіл қазақтың,
Қанын ішіп сонадай сол қазақты сорлатқан.

Телім-телім, тентіреп ұстағанның қолында,
Қара ылағы болама қанпезердің жолына.
Қажып бітті қараша ел құмға шыққан жыңғылдай,
Айналама аңқау ел дұбараға соңында.

Селге кеткен үмітім, сөзім құмға көміліп,
Жанымды жеп жатады әділетсіз жегі құрт.
Ұждан өлген ұл-қызың ар-намысы тапталып,
Қарқара Алтай қаралы қарт жүрегі езіліп.

Жауыздыққа қарсы сөз айтпаймысың жан аға,
Дастарқанын Алтайдың аттаймысың жан аға.
Қырық құрау қазағың жаутаңдаған жанары,
Көзбен көріп еліңді қайтпаймысың жан аға.

Үнсіз неге жатырсың алып туған арысым,
Бапқа біткен маңдайға бағы таймас барысым.
Абылайға ақырған бабаң еді ер Бұхар,
Әділет-деп жан берген алға ұстаған намысын.

Мансап іздеп кеттің бе? Абыройлы бағалы,
Байлық қуып жеттің бе? Кір жұқпайтын жағалы.
Мәңгілікке жоғалмас жалғыз қана ақиқат,
Қоңыз дүние түбінде қоқыр болып қалады.

Ақ жолында Алланың хақты көріп келесің,
Төрт қыбылаң теңескен төрт қазаққа төбесің.
Берерің көп халыққа бергенде сол қарашаң,
Бізді аман жеткізген көнтек қылып көбесін.

Керей деген елің бар қам көңілі қаралы,
Туған жері торқалы, тозақ болып барады.
Құтқарар деп құлдықтан жолға қарап жүрме ана,
Кею дүние кең тұсау жолбарыстай жаралы.

Қанымда ағып ұлы Ертіс толқыны

Жанарында иман тұнған бала жан,
Жазып жұрмын жаным әке саған ٴан.
Көкжиекке бейуақта телміріп,
Сарғайдыңба? ұлыңды ойлап Анажан.

Қанымда ағып ұлы Ертіс толқыны,
Жанымдағы ашшы мұң күй толқыды.
Жағадағы жас қайыңға сүйеніп,
Қоштасып ем қимай, қинай сол ٴтұны.

Беткейіңнен боз жусаның бұрқырап,
Бастауыңнан бақаларың шұрқырап.
Кеш тұсындым, О, киелі туған жер,
Сенде қалған сәби даусым шырқырап.

Сенде жетім, менде жетім алтайым,
Қирларда қалжырадым қартайдым.
ٴалым жетпес қиялдарға қол созған,
Сар арқада сөз кемірген нар таймын.

Бөлтіріктей жалап жазам жарамды,
ٴтылсым терең тұс көремін таң алды.
ٴбыр тамшы қан бойымдағы топырақ,
Алып кетем қабырыма қараңғы.

Апарар мынау жол қайда

Күлтегін жортқан күрең бел,
Құстардың мұңын тыңдаған.
Құлагер шапқан ғұн далаң,
Қырқасын неге тұлдаған.

Шайналып өткен ғасырдан,
Көз жазып не ٴбыр асылдан.
Қымқырып кеткен кешегі,
Бабаның балбал тасын кім? .
ٴбыржан сал еске оралып,
Ақаны кірсе түсіңе.
Иман_жұсып айтқан өсиет,
Ой салар қатты кісге.

Апарар мынау жол қайда,
Тоналған кеуде тоңбай ма? .
Атаның алтын қазығы,
Жоғалар болса сол қайғы.

Жем болып тоты торғайға,
Төріңде шымшқ Сайрайды.
Әсіре қызыл тез оңар,
Түбінде қайыр болмайды.

Абыздар туған сартабан,
ән кетті қазір арқадан.
Дұбара, жасық ұрпақтар,
Не болар екен алтаман. ?

Есілдің мұңы ескі мұң,
Ғазалын айтар кешқұрым.
Елеусіз қалған моладан,
Аһ ұрған дауыс естілген!

Кешір ана

Кешір ана тұрмысым қара байыр,
Санама салмақ салған сараң уайым.
Тамыздың талықсыған іңірінде,
Ақшарбы бұлттан өтып барады айым.

Кешір ана жаз ауып бара жатыр,
Жарым түнде жадыма жазады ақыл.
Қырын қарап қыртиған адамдары,
Тек мейірін төгеді дала жақын.

Кешір ана телефон жалғамасам,
Жалғамасам,
ٴбыр өлең арнамасам.
Қу-дүние құралай көздің құрты,
Қанағаты шамалы барға қашан.

Кешір ана қашанда кешірімді,
Жерден теріп жеп жұрмын несібемді.
Шегара аттап шалғайда жүрсемдағы,
Жырға қосып жүремін есімңді.

Кешір ана алдыңда қарыздармын,
Ақ сүтіңе У, әсте тамызбадым.
Ақтап өтер борышын азаматпын,
Жалғандыққа жанымды жағызбадым.

Кешір ана қасыңа бара алмадым,
Бара алмадым тасырқап сан арманым.
Сәлем жолдап құстардың қанатынан,
Еркөкшенің басынан ٴан арнадым.
Бара алмадым, қасыңа, бара алмадым. .

Танауына сыпырады талабыңды таңғы бақ

(зағыйп әншы бауырым жұмабек мұқият ұлына)

Сал ертерек нән кеудеге балапандап бұла мұң,
Қирларда елеңдейді ән ғұмырға құлағым.
Жан жиенім күй төгіліп, жанды жеген әніңе,
Сары арқада ағыл-тегіл сағыншпен жыладым. . .

Көкірегі соқырлар мол, сендей өмыр сүре алмас,
Құлқын қамы, сендей шалқып күле алмас.
Ұждан өлген, шын зағиып боқтан өзге мұңы жоқ,
Адамдығы ахшаменен жоғалған.


Нар толағай намыс-деген нәркескендей нарқы мың,
Қарт алтайдың аспанында қыран болып қалқыдың.
Алғысбек пен дана шырқап алатау да ٴан-жырын,
Сенде орал, ақ мекенге мақабатпен жарқыным.

Сартап болған сағынш бар туған жерге санамда,
Сол сағынш қалып қойған қапасында қамауда.
Кіндік кесіп, кірім жуған қалтон, ٴұштас, Қанасым,
Қасыретті, қан жұтқаннан аман ба? .

Қойдай қоңыр халқым қалай тірлігі,
Тамырынан су алған ба? жауһазындай қыр гүлі.
Сағым жұтқан көксін, сауыр, салқын шоқы биігі,
Тамыздағы өшпек қалай көңілдегі ٴбыр күні.

Кетпе бауыр, қарашада аяз қсса күрсінп,
Туған жерде туған елді сұию бақыт құлшынып.
Сендей ерлік жасайтындар өкіншті жоқпен тең,
Ездікпеннен жатқан кезде өзгелер деп ٴоз сорына тұншығып.

О, жұмабек сыпырады танауынан талабыңды таңғы бақ,
Жатсадағы ұлы арманың жоргегынде сан жылап.
Боз жусаны бұрқыраған бейсенбімен сұлубайдың даласы-ай,
Абыздармен нағыздардан ٴталым алған ауыздықсыз арғымақ.

Толғанатын еркектер аз бұлыт бүркенген тау жайылы,
Тауды сүйсе, ессздікпен тексздікке бармайды. !
Жаппар алла сүйген құлын ешқашан. . . .
Көтере алмас снақтарға салмайды.

Жолдан тайса жүк көтерер нарға сын,
Қаңбақ қауып қара түнде қалмасын.
Сені алла есне алып снағына салды көп,
Үйірер-деп тоқ пенделер ٴтаубасын. . . . .

Шүкірлік ет саған берер жаратқаннң сыйы алда,
Ерік берме, күпіршілік қайырымсз қиялға.
Күдер үзбе шын жүйрікті қайта ауылға салады,
Қайталанбас жолы күдір ашшы ақиқат қиянға.

Лапылдайды шайхы-шабыт, оғылан-ой, жалын-жыр,
Жадырады қасыреттен аныңды естіп жаным-кіл.
Қанымда ағып Қайран Ертіс тым киелі толқыны,
Есілменен бір арнада арқа-жарқа толқыды!

Беиюақта томырықтап бебеулетіп тосын ұн,
Сая таппай сайғақтаған сар уайымнан шошыдым.
Алла жазса қауышармыз қасиетті өнерменнен арқада,
Көрскенше амандықпен алмас жанар қош іным!

6alash ұсынады