ЖАС АҚЫН ЖАСТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қыркүйектің 17 жұлдызында Көкқайнарда көңілді декөлемді бір іс-шара өтті. Алматы облысы Іле ауданына қарасты Көкқайнар ауылының 44 мектебінде ақын Әділет Ахметұлымен шығармашылық кездесу болды. «Тіл мен тәуелсіздік егіз ұғым» атты айтулы шара Қазақстанда тілдер күніне байланысты мектептерде өтіп жатқан мәдени шаралардың жалғасы еді. Алаштың көшбасшысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні 5-қыркүйек еліміз көлемінде ана тілді ардақтайтын тілдер күні болып бекітілгеннен бері жер-жердегі мектептер аталған күнді негіз ете отырып, тұтас қыркүйек айын тіл мен тәуелсіздікке арналған тағылымды ай ретінде ардақтап келеді.
Аталған мектептің үлкен залында оқушылар мен ұстаздар қауымы тыңғылықты дайындықпен құрметті қонақты күтіп алды. Мектеп директоры Нұрмұхаммед Өмірбекұлы мен Қазақ тілімен Әдебиет пәндер бірлестігінің жетекшісі Амангүл Екпінтайқызы аталған іс-шараның маңызына тоқталып кездесудің шымылдығын ашты.
«Ата жұрт» атты өлеңін оқып, сахнаға көтерілген Әділет Ахметұлы елдік, бірлік, тәуелсіздіктің қадір-қымбаты туралы көсіле әңгіме шертті. Көкқайнар, Ащыбұлақ ауылдары атындағы «ащы», «көк», «қайнар» сөздерінің этимологиясын баяндай келіп, Көк туды көтеретін көк түріктің ұрпақтары Көкқайнар мектебінде отыр деп жастүлектерді желпіндірді. Ұлы ақындар мен бүгінгі шығармашылқ кеш иесінің өлеңдерін оқыған оқушылар жан сүйіндірді. Оқушылар ақынға қызықты сұрақтар қойды, кеш авторы да тұшымды әрі қызықты жауап беріп, емен-жарқын сыр бөлісті. Бала кезіндегі қызықты оқиғалардан тартып, өзінің өнердегі ұстаздары, атақты тұғалардың өмірі туралы айтқан естеліктері қызу қарсы алуға бөленді. Патроиттық тақырыпта жазылған өлеңдерінен шашу шашты, мектептің өнерпаз оқушылары да кілең рухты әндерді әуелетті.
Мектеп ұжымы құрметті қонағына оқалы тон жапса, Әділет ахметұлы да «Әділет» атты тұңғыш жинағын мектепке тарту етті. Екі жыл бойы бетпе-бет жүздесетін кең сахнаны, мәдени шараларды сағынып қалған оқушылардың ынтасы мен ықыласы бөлекше болды.
Қытайда туылып, сол едің астанасы Бейжіңнен білім алып, атажұртын аңсап жеткен Әділет ақынның рухты өлеңдері мен қызықты естеліктері арқылы жастарымызды отаншылдыққа баулуға, мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін арттырып, тәуелсіз күнді бағалауға шақырды.
Тегеурінді, текті ойлы, қырағы,
Тым такаппар сайын дала қыраны.
«Ұлы дала» дейтін ұлы өлеңнің
Бір тармағы кем секілді тұрады,
Бір шумағы кем секілді тұрады.
Топырағында топ-топ емен, топ-топ шеңгел,
Тораңғысын жырға қоспай өтпеңдер.
Ей, ақындар, ауыр күнә сендерге,
Ерлік жайлы өлең жазбай кетсеңдер.
Алты-алтыдан қосар мініп ғаламат,
Алты жылда бола алмаспын аралап.
Айбатынан ай жасыған бұл өлке,
Жанарынан жау жасыған бұл таулар,
Күлтегіннен бізге жеткен аманат,
Абылайдан сізге жеткен аманат, - деп жыр дүлдүлінің тізгінін тартты ақын.
автор: Сейтбатқал Арлен