Әйелдер ерлер үшін киініп, ерлер үшін өледі
2
(ақын, ағартушы Қадыр Жұмақанұлымен әңгіме)
– Қадірлі Қадыр ұстаз, «Бәйтерек бұтағымен, адам ұрпағымен жасайды» дейді, халқымыз арлы адамгершілік пен керемет кіслікті ғасырлай бойы ұрпақ санасына сынадай сіңірген. Демек, біздің дәстүрлі морал тәрбиесін дәріптеп отырудағы ойымыздың айтары сол отанға, ұлтқа адал сапалы адам тәрбиелеу ғой...
– Қазақ ұлты есте жоқ ескі замандардан бері нелер қиын-қыстау тағдырларды басынан кешіп бүгінге жеткен жетелі халық. Оның тарих көшіндегі тапқырлықтарында сақтап ала алғанынан жоғалтқаны көп, алып даласының төсіне өзінің байырғы жұрттарын орнатып, сынтастарын тастап, тауына ен салып, тасына таңбасын басып, жер-суына ат қойып, жауласудан жиіреніп, достасудан үйреніп, берекесі мен бірлігін мәйек еткен меймандос халық. Этномадениетінің құн-қонары да береке-ынтымақ, достық, сондықтан да «Жау тілегенге – жасыл, өлім тілегенге – бейнет» деген тағылым қалдырған.
Халқымыздың жоғарыдағы аталған қасиеттерінің сырын ашатын кеңеске мен былайша ой қоспақшымын.
Арлы адамшылық, кісілік, таза достық қасиеттерді салыстыра талдап, тәрбиелік құн-құнарын тануды көздейтін бұл кеңесте аққу, қарға, бүркіт сықылды ғұмырдың үш иесін мысалға алмақпын. Мұндағы ой: достық, жолдастық, адамгершілік, арлы кісілік, береке-бірлікті, ұрпаққа тәлім-тәрбие қып ұстану, мұнан үш түрлі мазмұн шығып тұр. Бірінші, меймандостық дейтін аңғайыр қазақы пиғыл, екінші, елге, досқа борштарлық дейтін адал түсінік. Үшінші, дәмдестік дейтін берекелестік. Жақсылыққа шақыратын осы кеңес ең алдымен қарғаның мысалын көрейік. Қарға қандай тіршілік иесі?
Жұртқа аян, қарға даңғой, қызылға жиылғыш, айғай-шуға шыққыш, далбаса, таяз ойлы, қортық та ез тірлік, ойлайтыны қарын қамы, қамдайтыны басының мұңы, күн көрісін күресіннен іздеген, өзін өзгеден артық бағалайтын күншіл пиғылдың ынжық тұлғасы. Халқымызда: «Қарғамен құда болсаң боқпен той жасайсың» деген мақалы бар. Бұл қарға ғұмырдың қазақ ықылымындағы орны. Бұл уәжде ез тірліктен, күншіл ниеттен, тоқышар өмірден жиренішті жоқ екені обыраздалған. Қарға ғұмыр, қарға достықты адал адамгершілік, ізгі достықпен салстырып отырғанда тірліктің тағы бір сырын аша түсінуіміз керек те сияқты. Ақылға еру деген бар, осы ақылға ерудің өзі-ерлік. Мінезін ақылға жеңдіру данышпандардан өзге адамның қолынан ілуде бір келмеген қиындық екен. Мінезді түзету-батырдың батыры дейтіні сол. Қарғаның ғұмырын аққудың немесе бүркіттің ғұмырына айналдырып шығару қолдан келмейтіні сықылды, шындық-осы. Мұнда да Абайға жүгінбей өте алмаймыз:
Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек ездігімен көпке көнбек.
Шығандап қылық қыла алмау, шыға ойлай алмау қарға ғұмырда тұр. Енді «Ақылға еру, көпке көну» дейтін екі мазмұн бар. Ақылға еру, ердің ісі, ерлікті ақыл басқарады, оған дау жүрмейді, көпке көну, бұл екі түрлі. Бірі: еріншектің көпке ездігінен көнетін көнімі, қарға ғұмырдың көнімі ездігінен көнетін көнімге жатады. Сүрдекке еру, айғайға қосылу, бұл ақылмен еруге жатпайды. Оның соңғы қортындысы: Абай айтқан «Өнерсіздің қылығы өле көрмек» болады да шығады. Бұл ойлы адамды сескендіретін тағылым.
Шын достық қандай болады? «Бұдан менің қай жаным аяулы деп, бірге түсіп қалады кім майданға» дейтін достық. Мұндай ұлылықтың мысалын қайдан көреміз? Елінің, жерінің азаттығы үшін жанын берген, етін кескілеткен, отаны үшін отқа өртенсе де иырадасын босатпаған сансыз қаһармандарды білеміз ғой. Олар шын достықтың үлгісі, асыл тұлғасы, таза мұраты. Олар «Бүгін тату, ертең бату, тілеуі, жақындығы-бәрі сату» емес. Олар «Ары бар, ұяты бар, өзі зордың болады иығы зор» дейтін зор достықтың нағыз тұлғалары, халқының мақтанштары.
Абайдың «Қарға мен түлкі», «Қарға мен бүркіт» дейтін Криловтан қазақы түспен аударып жеткізген мысалдары бар: сондағы мақсаты ел-жұртын ез тірліктен, күншіл пиғылдан сақтандыру болатын. Мысал алайық: Біріншіден, ауызындағы ірімшікті көре қалып: «Әніңді тыңдайын» деп алдағанда түлкінің мақтауына басы айналған қарға қарық еткенде, ауызынан түсіп кеткен ірімшікті қағып әкеткен түлкі қылығы алдындағы қарға тағдыр. Мұнда мақтанға мас, ұятқа қалған паруайсыздық ашылған.
Екіншіден, қозыны іліп әкеткен бүркітті: «Бүркіт басымен қозыны ұялмай іліп...» деп жұртқа жамандап, өзі қошқар ілмек болғанда жабағыға ілініп қалған тұяғын шығаруға шамасы жетпей қолға түсіп, қанат-құйырығы қиылып, балалардың ойншығына айналуы. Бұл қыранмен күндес болам деп масқараланған ез тірліктің тағдыры. Осыдан кейінгі «Аққумен жолдас болсаң тәнің пәк» деген тәмсіл. Аққу таза кеңістікпен ең биік ұшатын сері, сұлу құс, қонғанда ұлы айдынға түседі, күлге аунамайды, шаңға қақалмайды, таныс құрсақ емес. Пәк, мінезі ізгі, жүрегі ақ, тіршілігі сәнді; сыйласу, құрметтесу, ибалы іңкәрлық, аяласу, сыйластық сынды тұнық мейірім. Аққуды сөз еткенде, оны төтем еткен ұлтымыздың мына бір қасиеттерін еске алмай өту қиын. Бірақ, бұл өте көп; біз барынша қысқарта елестетейік.
Бүгін көгілдір - ертең аққу, бүгін бала - ертең ата-ана, екі мінез бірдей.
Қонақсыз ішкен тамақты тамақ демейді - меймандос. Қонақсыз үйді үй демейді - шалқар да дарқан пиғыл. Жанын қонағына қуырдақ қып қуырып, сыбаға қып сыйлайды - достық. Шашырау емес, тереңдеу, айдындану - даналық. Бірі жер бітімі, бірі ел бітімі, ұлылығы өзгермейді. Көз жасының төгілуіне кіріптарлығы жоқ. Қайтпаған шерді даналықпен қайтарады. Өзара мәміле түгел ізгілік, пиғыл ізгілігі.
«Ағалардан қалған қызық та бізге жетеді ғой» деген бауырларға не көрсеттік?- дейтін аға; «Қайнағаның алдынан қия өтпеген келіндерге не көрсеттік» дейтін қайнаға; «Қаймақ беріп, қайыным деп еркелеткен жеңгелерге не тындырып бердік» дейтін қайын; «Сендердің алдарыңда кетсем болды» дейтін абыз ата, әз ана... Осындай пиғылдар мен қалың елінің қарызы сүйегін қақсатқан, даналықтары кеудесінен толқын сапырған, намысын ұятымен қайыраған сұлу мінезді халқымыздың аққу арманды емоциясын біз үшін ғана емес, этнопсихиялық киеміз дейтін ұятпен суарылған достық.
Осы заманының қанша білгірі болса да, бұрынғылардың айтқанын жиып, жеткізгендерін әлумен ғана қазір ғалым болып отыр. Сәулетін сіңіріп, санатын сақтағандар - төрайым. Зерттегендер прафессор, академик. Олардың тағылымның алдында ендігі парасат - бала.
Дүниені бізге ұқтырған не болса, дүниеден бізді алатын да сол. Аққу мекендеген жерде ізгілік бар деу жөн.
Әйелдер кім үшін киінеді, кім үшін жасанады? Ойлайықшы! Тек, еркектер үшін ғана киінеді, «Неге осындай таяз ойладыңыз» десе біреу; таяз емес, ең терең! Өйткені, әйел дүниеге не үшін туған? Себебі, еркектерді бақытты ету үшін туған. Ендеше, жалаңаш жүру керек пе? Жоқ. Ол ең сұлулығын, сүйкімділігін, сән-сәулетін, тәтті ләззатын, тана адалдығын, мінсіз әдемілігін, ең нұрлы зейін-зеректігін, кірсіз көңілін, ізгі жүрегін еркекке арнап таусыла құлаған. Ендеше, ерлер үшін жасап, ерлер үшін жасарып, ерлер үшін әлуеттеніп, сәулеттеніп, ерлер үшін ұрпақ беріп, соларды салтанаттандырмақшы емес пе?! Әйелдер өлсе ерлер үшін, ерлердің баласы үшін өледі, ерлер өлсе жүрегінен өледі. Бақытын жоғалтып алған ерлер; тағы да әйелдерден ғана таба алады. Ерлер аққуды мақтаса, аққу болады, бұлақты мақтаса ақбұлақ болады, қандай тұнық маңдай тер, қандай адалдықпен өзін арнау. Сәбиелерді бағудан, оларға ерлерді бағу қиын. Ерлер «Әйел» атты қарулы болғансоң қамсыз, әйелі аман тұрса үйден ұлағат, ауладан амандық, өзінен ұят, басынан бақыт ұшпайтынын біліп тайтаңдайды. Әйел аманда ойына өлім де келмейді, тар кеудеге әулие құс қонбайды, тар кеудеге үлкен жүрек те симайды, әйелдердің ана-жүрегіне 18 мың ғалам сияды. Ерлер әйелдерді жүрегіне сиғыза алмай жүреді. Даналықтың тегі қайда жатыр?! Меймандостық, ұят-ибағат, ізет-құрмет осыдан өрбиді, күншілдік, опасыздық осыдан қашады. Зерек зерде, қыран құдырет, мейірім-ынтмақ сіңіруге баулиды, ұлт тәрбиесінің бір парағы міне осы!
Енді бүркітпен жолдас болсаң? дейтін сұрақ бар. Бүркіт құстың жыртқышы, ездікпен отасымсыз қыран. Қаһарлы қыста жұмыртқалап, бұлт тілген шыңға ұялап, қиырдан шалып, қиыннан қағып; несібесін қырандығымен тауып жалынышсыз өтеді. Қаһарман, өжет, зерек, қызғаншақ, жеңісқұмар, ержүрек симовл (нысан).
Қандай тәрбиені үйреніп, қандай тағылмды қабылдап, зерделі, еңбеккер, отаншыл, намыскер, арлы, опалы қасиеттері ұсынады. Жақсылық табамын деп жамандықтан арандалып қалудан сақтандырады. Атақ-абырой үшін талай тоналып, талай жоғалудан сақтандырады. «Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек» қағидасымен өмірді сүюге шақырады. Шынға сенбей, жоққа сенуден арашалайды. Таразы да, қазы да өзі болатын өр көкіректіктен тартындырады. Іштей жауласып, тіріде аңдысып, өткенде жыласатын пасық салттан жиірендіреді.
Сырттанситын, қусынатын, сыбырмен топтанысатын, арамдықпен жаннан ассам дейтін ластықтан жиірендіреді. Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, керім-кербез, жалқаулық, жақсы сөзді шегіне жеткізіп сөйлеп, жамандықты шегіне жеткізіп істейтін, өзінде жоқ қасиетті өзгеден күтетін екібеткейліктен жирендіреді.
Табандылық, талаптылық, татулық, еңбеккерлік, опалылық, намстылық, ұятшылық, ізеттілік, инауаттылық... Үгіттейді. Қортып келгенде, орнықтылық пен береке - бес баттам бақыт.
– Данышпан Абай «Адамның үш асыл қасиеті: қайтпас қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»- деп бекер айтпаған. Ендеше сол жаңа өмір дағдымызға сай жаңа азаматтық морал мен жаңа қоғамдық морал да сөз жоқ дәуір қасиетімен сәйкесімді сәулеленуі қажет болар; Қадыр мұғалім?
– Адамның ең ұлы қасиеті - сана. Онда адамның адамдығына сара жол салатын ұлылық бар. Қашан болсын ұлылық ғана көлеңкелі жақтарға сәуле түсіреді. Морал сонда ғана ұятқа суарылған қасиетымен адамды кемелдендіре алатын ділге жетеді. Өзін кемелдендірген адам өзін шын сүйген адам. Өзін сүйген адам ұлтын сүйеді. Ұлтын шын сүйген адам адамзатты да шын сүйеді. Біз ақылды дәріптегенде не мақсатқа жетпекпіз? Ақиқатты өтіріктен айыра танып, өз сапамызды ғана емес, халқымызды әлемдегі сапалы халықтардың деңгейіне жеткізуге берілуіміз үшін болады, бұл түрлі ақылдың таңдаған жолы. Ақылдың бастауындағы мақсатыңды орындауға дедек қақтыратын бір күш бар, ол-ыстық қайрат. Ақиқатты білу дегенінің өзі - дүниені тану, дүние құшағындағы өз болымсыңды тану, өз болмысңа туатын тағдырды тану. Мұндай таным - ғылымды үйренбесе, игермесе, ғылм қоғамында адамның адамдық құны болмайтындығын ұғыну. Экономикалық мешеулік, мәдени мешеулік, бұлар сахара халқын ежелден бері тұйық шаруашылықпен, баяу дамумен, дәрменсіз игіліктенумен үйірлестіріп келді. Мұны қабылдаған бір буын халқымыз өтіп кеткен сол дәуірін ылғарлық деп те түсінген.
Ал, қазірғы қоғамда біз мұны қалай түсінеміз? Өйткені, қазіргі дихан, малшы, жұмыскерлер... Жаңа ғасырдың жаңа тұрғындары, арты орталау да орта мектеп, алды орта техником да институт бітіріп шыққандар. Көзі ашық, оқу сауиясы бар, шаруашылық жүргізу жақта осызамандық игерімді қабылдап игіліктенуге, үйлесіп бара жатқандар. Ал, ескі заман шаруашылығынан мал бағатындар өзіндігінен малдан қол үзуге беттеуде. Өндірісте, егін салатындар өзіндігінен еңбек өнімінің базарын іздеуде, әрі таңдауда, базар болмаса басқа кәсіпке бұрылыс жасауға ізденуде; бұдан нені аңғаруға болады? ғылымның ең соңғы нысанасы - адамзатты ауыр еңбектен азат ету. Мұны қазірғы адамдар жүзде-жүз түсініп, меңгере алды демегенде де, ғылыми еңбектің меңгеруіне саналы да, еліктеумен де берілу үстінде екенін көреміз. Бұған мысал алсақ, мал шаруашылық районындағы мал бағу - бұрын дала жайылымына, ат көлікпен күзетке тұрғандай соңына еріп бағып, малмен бірге өрстеп, үйге де малмен бірге қайтып, бар құмырын мал соңында өткізумен шаруашылық жүргізіп келді. Малды осылай бағуды табандылықпен мөралды мал бағу қағидасы деп тұсынды және үгіттеді. Ал, егіншілік райондары ол кезде атызды көлік күшімен, көлік сүйреген бұлықты жаяу айдап жыртты. Арық-құлақтан тоғанға дейін қолымен істеді, қолымен суарды, егінді де қолымен шөптеді. Қолымен орды, қолымен қырманға салып, басты, қолымен ұшырды, тамақ болып шыққанға дейін қолымен істеді. Қазір бұлар жаңа дәуірлік өреге қайшы келді. Қазір ٴбары мәшинелесті. Адам бұрынғы азаптан азат болды, мал жылы қорада бағылды, жұрт отар азабынан құтылды. Түнгі мал күзет орнына түнгі мәдени ауыл тұрмысы орнады. Телевизор, радио, торап, телефон жалпыласты, егіншілік райондар мұнан да ілгерледі. Моншалы үй, електірлі тұрмыс, мәшинелі қатынас, жоғары сортты киіну мәдениеті адамдарды қалалық тұрмысқа тартты. Бала түгелдей осызамандық оқу игілігіне, тәрбие орайына, университет құшағына кіруге беттеді. Демалыс, үйрену, еңбек, сауда, емделу, қамдалу мұның бәрі дәуір сұрансына сөзсіз үйлесті. Осызамандық ғылми тұрмысқа көздесуді тосу, оны қайта шегіндіріп, бұрынғы сахаралық күн көріс дағдысына түсіруге енді ешқандай құдыреттің күші жетпек емес. Өйткені, бұрынғыны қабылдайтын халық жоқ. Бұл-дәуірлік сұраныс, халықтық жұмыс, жалпы беталысқа айналды. Осындай жағдайда жаңа дәуірдің ғылми шаруашылық айналымын жүргізетін бір қағида қалыптаса бастады. Ел бойынша сол қалыптасымды қабылдаған халық тұтынуда да жоғары талапқа көтерілді, тамақ жесе ең жақсы табиғи онымнен жасағанын таңдады, киім кисе ең жоғары сортты киім алды. Машина алса, ең озық мәшинелерді алды. Үй жайларын да жоғары дәрежеде безендірді. Телевизор, торап, телефон, қолфон, видофон, мұздатқыш, құбыр суы, газ, төк... Бар-барлығы жоғарғы өрелік тұтынуға өтті. Оқу оқыса жоғары дәрежелі университетін таңдады. Дауаланса ең жоғары дәрежелі Дохтырхананың ең білікті маманына көрінетін болды. Тіпті кітап оқыса да, кино көрсе де, ән-күй тыңдаса да жоғарғы өредегіге ғана мойын бұрады. Қажетсіну түгелдей осызамандық жоғары тиіпке барған сайын көтерілуде. Сонда осы қоғамдық өредегі қажетсінудің қажетті нарқы қалай шешілуі керек? Ьіздің әдетте айтатын «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейтін Абай тағылымынан алған үш түрлі қасиеттің қоғамдық орны енді рол атқаратын жаңа сұранымға дүп келуде.
Морал да сөз жоқ дәуір қасиетымен сәйкесімді сәулеленуі қажет. Біз бұл моралдық қасиетті және азаматтық басымыздан іздейміз, қалайша? Өзімізді дәуірдің сапалы азаматы етіп жетістіру тәрбиесін қабылдай алдық па, жүргізе алдық па, жоқ па? Партияның саясатын, мемлекеттің заңын түсінуіміз, атқару дәрменіміз, қоғамдық жақсы орайдан игіліктену мағдырымыз қаншалық? Дөңгелек дәулеттілікті қолға келтіру үшін жасаған құлшынымсыз заман талабына жетті ме? Даму мен бәсекенің қайнаған қан базарында ролымызды сәулелендіруіміз толық па? Бұл түйіндер біздің ерекше қиналатын мазмұндар, шаруашылық жүргізуіміз негізінен машиналасып барады. Сол машинаны алу кедейліктен бе? Машинаны соншалық ауыр еңбектерге маусымдық уақытпен, жылдар бойы ұзақ істету қаржысы қанша болмақшы? Оны біз қалай тауып, қалай айландыра алдық? Осыншалықты замандасқан өндіріс құралымен құн жарату заман талабына жетті ме? Біз ілесуші болып ғана жұрмыз бе? Игеруші, өндіруші, құн жаратушы болу сынды қожалық орнымызды ала алдық па? Егер, осы қожайындықты ала алмасақ, сол биіктен құлаған құластың бізді орны толмас экономикалық зиянға түсіріп кететінін білдік пе? Міне, жаңа заманның жаңа мөралды заманының алдындағы арқалаған жүгі осы, жететін көмбесі де осы, шешетін түйіні де осы. Бір мсал алайық! Бір семьяда төрт ұл болса, төрт ұл төрт келіншек алса, төрт ұлда төрт телефон, төрт келіншекте төрт телефон - сегіз. Ата-анасындағымен жиыны он болады. Төрт мотосикіл, өндірс машинелері тағы бар. Сонда осылардың семья электірлі тұтыну аспатарымен, ішім-жеммен қосқандағы жылдық жұмсаған сомасы жүз мың юаннан артық жұмсалатыны аян. Ал, сол семьяның табатын табысы қанша болуы керек? Бұл үлкен шешімді күтіп тұрған жұмыс. Біздің тұтынуымыз жоғары дәрежелі байлардың тұрмыс өресімен тұтынып, табатын табысымыз ең төмен кірісті семьяның сүйемел қаражатын алу деңгейіне түсіп қалса, бұл кері пропеционал орналасым. Біздің өндірісті, тұрмысты, тұтынуды, базарды шағып кетеді деп, оны басқарудан, сүйемелден, сәйкесуден, көмектен іздестіру, ғылми қоғамды қабылдап алып, дұрыс жүргізе алмаған шаруашылық үрдісіміз бен артық қажетсінуіміздің түсірген ауырлығы болып қалатынын алдымен өзіміз тануымыз керек.
Жаңа қоғамдық сапа-әсіресе қоғамның тұрғындары мен азаматтары үшін ең алдыңғы қажетсіну. Бізге семияға адал, отанға адал, халыққа адал, ұлтқа қайырымды, ұрпаққа қалдырар ұлағаты құнды, ата-анаға опалы, қоғамға пайдалы, ұлттар ынтымағын қорғауды азаматтық моралы деп білген даңықты борышты арқалаған, дәуір рухын өз моралының құнары еткен азаматтық алғабасарлық керек.
Отан - халықтың баспанасы, ұлттар ынтымағы отанның тұтастық кепілі. Партия саясаты - жол нұсқаушы, заң - әрекет өлшеміміз, тіршілік кепіліміз, біздің ұрпағымыз өзіміз арқалаған осы борышты ерлікпен арқалап, белсенділікпен үміттен шығатын моралды ұрпақ болуға қол жеткізу керек. Мешеу өндірс, мешеу тұтыным, мешеу Ееңбек адамын ғана емес, барлық адамды да мешеулікке қайта құлатады.
Бір білімді «Кедейлік - үлкен қылмыс» депті, тағы бір данышпан: «Мешеулік - зұлымдық» депті. Мұны қай дәуір де қате дей алмаған, неге? Мешеулік алдымен кейін қалдырады, кейін қалу дамудан адастырады. Дамудан, заманнан, халықтан адасу - сол беті жоғалтады. Жоғалту зұлымдық, бір ұрпақтың ғұмыры мешеулікпен таусылсын, жоғалтпағанда қайтты дейміз? Сондықтан да мешеулікпен күресу - білімге жету, өнер игеру болмақшы. «данышпанның аты - миллион» деген анықтама бар. Өйтетіні данышпанның кеудесінде миллионның азабы, миллионның қуанышы, миллионның үмітін, миллионның талабын ала жүргенін айтады.
Ал, біздің бір Абайдың өз басы немесе өз маңындағылардың өкілі емес, миллионның тілегін арқалады. Миллионның мүддесі үшін шаршады, мешеулікпен күресті. Негізгі арманы - халқының надандығын жою, мәдениетін өркендету, сапасын көтеру, озық идеяны еліне жалпыластыру, халқының әрі сыншысы, әрі үгітшісі, әрі ақылышысы, әрі жаңалыққа жетелеушісі болды.
«Ақыл керек, іс керек, мінез керек,
Ел ұялар іс қылмас болса зерек» деп мешеулік түнегінен серпілтер жол, игі әсер береді. «Өнер-білім үйреніп көкірегіңді аш!» деуі - еліне шақырығы, мешеулікпен ұласқан кереғар әдетті жою - адамгершіліктің жоғары идеясы деп анықтады. Оқуды тіршіліктің байлық жию қамы үшін деп іздемеді? Ьилікті байлық жию құралы қып жұмсамай қалың еліңнің, ұрпағыңның болашағын қамдайтын алға басарлыққа істе деді, мешеу қоғамның талас-тартыс, өсек-өтірік, ұрлық-зорлық, өнер-білімісіздік еңбектен қашу сықылды дерттен арылуға былай үндеді.
«Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу-оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған»- деп беталыс көрсетті, бұл елінің ортақ қамының терең атқарылған Еңбек тұлғасы.
Ал, «Ғылымға уайымсыз, салғырт-салақ қарау,
Ойын-күлкімен ғылым іздеуге ұрыну, ғылм үйренуді тұрмыс қажетымен шектеу әлсіздік» деді. «Берілушілік емес; көңіліңді, жүрегіңді таза сақтап, ғылымның толық бітімін сана айнаңа толық түсіріп ал, сана айнаң кірлесе, ғылм жүзін толық көре алмайсың»,- деді. Міне, бұл данышпан Абайдың қаймана халқын жетелеген, ұрпағын шақырған ағартушылық идеясы, мәнсіз, мағынасыз құрғақ уағыздар көрсетпейді. Мығым қайрат, нұрлы ақылмен орындауға жетелейді. Мұның өзі нұрлы да жаңа дүниенің есігін ашу, жаманшылыққа мықты болуды жанын шығара масқаралау, жақсылыққа мықты болуды меңгеруге үндейді.
Халқымыздың ұят, ар-намыс, ізет-құрмет, әдеп-иба... Сықылды жан-дүниесінің асыл жауһарларын ұрпақтың есіне, жалпының зейін-зердесінде жүруі үшін кеңестік. Мұндағы мақсат, әр қандай азамат ұрпақтарымызды өз түсінік озық ойлы, алға басар перзентті болуы сөзсіз керек екендігі сынды қажетке шақыру. Халқымыз асқан еңбеккер халық, тарихындағы барлық ақыл-парасат жауһарларын сол еңбеккерлігімен тапқан және жалғастырған.
әңгімелескен: Жеңісхан НҮСІПҰЛЫ
6alash ұсынады