Шекпен
Қазақ ұлты жүннен тоқу арқылы да тамаша бұйымдар жасаған.
Киім-кешек, ыдыс, үй жиһаздарын, киіз үйдің әшекей бұйымдарын жасаған. Бұларды жасау біршама күрделі келеді. өйткені, көбі қол байлайтын, уақытты қажет ететін, әурешілігі көп жұмыс есептеледі. Сол үшін оған үлкен икемділік, шебер іскерлілік, мол тәжірибе мен зерделілік қажет. Мұны кішкентай отбасылық шағын өндіріс деп айтуымызға әбден болады.
Шекпен тоқу үшін алдымен иірілген жіп дайын болуы шарт. Қазақ халқы жіпті өз түсінде істете салмаған. Жайлаудағы рау ағаш бастаған түрлі шөптердің нілінен бояу жасап, оған алуан түс беріп қолданған. Мұндай жіптен, шекпен, жаулық, орамал шыт, байпақ, қолқап, торсым, шарпы, құр, басқұр, алаша, аяққап, қап, жемдорба, дағар, дорба, қоржын, таңғыш қатарлы бұйымдарды істеген.
6alash ұсынады