Моңғолия мемлекеті туризм саласын Шыңғыс хан арқылы дамытып отыр, ал, Қазақстанда Жошы ханды дәріптеуіміз керек, - дейтіндер көп. Бұл өте жансақ пікір деп ойлаймын! Себебі Моңғолия туризмінің дамуына Шыңғысханнан көрі қазақ мәдениетінің қосқан үлесі өте көп. Қазір қазақ мәдениеті арқылы Моңғолия туризмі біршама дамып келеді...

Моңғолия брендіне айналған қазақ бүркітшісі

ҚАЗАҚСТАН өзінің ұлттық құндылығын жаңғыртып, салт-дәстүрін дәріптей алмай тұрып, өзіне жасанды брендпен туристер шақыра алмайды! Қазақстанда туризм, оның ішінде этнотуризмді дамыту үшін қазақтың дәстүрі мен ұлттық болмысын, табиғатын қайта жаңғыртса бұл сала жақсы дамыр еді. Қазақ Елінің өз ұлттық құндылығын дәріптей алмауы Моңғолия қазақтары арқылы, Моңғол Үкіментінің туризім саласына үлкен олжа енгізіп отыр.

Қыран құстың аңшылық саятшылығы

Моңғолияға шетелдіктер тек Шыңғыс хан үшін келеді деу қате ұғым. Шынтуайтында онда көретін Шыңғыс хан да жоқ! Бір ғимараттан басқа... Шыңғысханның алып ғимараты Моңғолияға туристерді шақырып тұр деу сәл шикі пікір, дер едім...

Керісінше Моңғол мемлекеті бүгінде қазақтың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрі арқылы шетелден өздеріне туристерді көптеп тартып отыр.

Шыңғыс хан көшесі, Ұланбатыр.

Шетелдіктер Моңғолияға әуелі Күлтегін, Тоныкөк, Білге қағандардың жазба ескерткішін көруге, сосын Баян-Өлгейдегі қазақ мәдениетінің салт-дәстүрін көруге келеді.

Мысалы; ЮНЕСКО келесі 2020 жыл түгел түркінің абызы болған Тоныкөк бабамыздың жазба ескерткішінің 1300 жылдығына арналады, -деп хабарлаған болатынды. Міне, бұл дегенің келесі 2020 жылы Тоныкөк жазба ескертікішің 1300 жылдығына орай Моңғолияға шетелден келетін туристілердің саны тағы да артады.

1300 жылдық тарихы бар Тоныкөк жазба ескерткіші

Қазір шетелдіктерді ерекше қызықтыратын Моңғолиядағы бірден бір бренд ол қазақтардың – «Бүркітшілер тойы». Моңғолия туризмін дамытып келе жатқан да сол «Бүркітшілер тойы».

Әлемге танылған Айшолпан

Айшолпан арқылы Моңғолия қазақтарының «Бүркітшілер тойы» әлемге танылды! Жылда «Бүркітшілер тойын» көруге Баян-Өлгейге қаншама туристер ағылып келіп жатыр.

1999 жылдан бері аймақ көлемінде тойланып келе жатқан «Бүркітшілер тойы» бүгінде шетелдік туристердің сұрауы бойынша жылына екі-үш реттен тойланатын деңгейге жеткен.

«Бүркітшілер той» әлемге танылып, шарасы кеңейгені соншалық бүкіл әлемнен «Бүркітшілер тойын» көруге қонақтар бір жыл бұрын тіркеліп, арнайы келіп тамашалайтын, үлкен мерекеге айналған.

Қазақ мәдениеті арқылы Моңғолия туризмін дамытқан «Бүркітшілер тойы»

Көшпелі елдердің ішінде тек қазақтан басқа ешбір ұлт қолына бүркіт ұстап, қыран құстармен аңшылық саятшылық жасамаса керек-ті. Қазақ халқының осы бір қасиетті дәстүрін, Моңғолия Үкіметі қолдап, 2010 жылы ЮНЕСКО-ның жаһандық материалдық емес мәдени мұра ретінде тіркеткен екен. Міне, осындай қыран құстармен аңшылық саятшылық дәстүрін Қазақ Елі өзі қолына алып, терең жаңғыртса бүгінде «Бүркітшілер тойын» көруге шетелдіктер Моңғолияға емес, Қазақстанға ағылар еді...

Әкеден балаға мирас болған саятшылық

Моңғолия мемелкетінде 2016 жылы табиғи орта, саяхат, туризм мнистрлігі «Бүркітшілер тойын» жылдың ең таңдаулы саяхат және туризм шарасы деп таныған. Осылайша аталмыш той Баян-Өлгей аймағының ғана емес, Моңғолия Үкіметінің туристік саласының дамуына зор үлес қосып келеді.

Әрине, бұл сондағы жергілікті қаракөз қазақтарымыз үшін де үлкен олжа! Моңғолияға келген туристлердің көбі Баян-Өлгей аймағына ағылатын болғандықтан бұның пайдасы сондағы өзіміздің қазақтарымызға әжептәуір нәпақа табуға мүмкіндік жаратып жатыр. Түрлі түсті өрнектермен әшекейленген қол өнер, кәде-сый, қазақи сувенир, тігін секілді шағын және орта бизнеспен шұғылданушы кәсіпкерлердің сауда саттық кірісі артып келеді.

Моңғолияға келген шетелдіктер қазақтың «Бүркітшілер тойын» ғана көріп білмей, сондай-ақ қазақтың ою-өрнектерімен әшекейленген көне тұскиіз, сумка, пұшпақ тымақ сияқты көне бұйымдарын да ерекше бағалап, сатып алып жатады.

Қазақтың «КИІЗ» үйіне түнеген Доналд Трампның ұлы мен 12 жасар немересі. (Моңғолия. Баян-Өлгей).

Тіпті қазақтың киіз үйін де шетелдіктер сол Моңғолиядағы қазақтар арқылы танып біліп жатыр. Мысалы: Өткенде Моңғолияға келген Дональд Трампның ұлы мен немересі де Моңғолиядағы қазақтардың киіз үйінде түнеп, киіз үйге ерекше таңданы қайтты. Қазақтың киіз үйі жайлы өзінің инста парақшасында да жақсы пікірлерін жазды...

Міне, осылайша шетелдіктерге Қазақстан бренд етіп көрсетуі тиіс болған киіз үй, тұскиіз, ою-өрнек, «Бүркітшілер тойы» сияқты көптеген қазақ мәдениетін Моңғолия қазақтары арқылы Моңғол мемлекетінің өз брендне айналдырып барады!


P.S: Қытайдың Іле қазақ автономиялы облысында да қазақтардың дәстүрі мен болмысын тамашалау үшін жылында 100 миллиондай туристтер Қытайға келеді екен... Моңғолия мен Қытайдағы қазақтардың шетел туристерінің назарын аудартқан қазақи ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ мен САЛТ-ДӘСТҮРІН, жалпы мәдениетін Қазақстанда неге жаңғыртып, этнотуризмін дамытпасқа деген ой келеді...


Жұбатгүл САМБУУҚЫЗЫ

6alash ұсынады