Көгілдір экран гүлі
Көгілдір экран гүлі
Қуандық ҚӨБЕНҰЛЫ
(Қытайдағы әйгілі кино актері Пәтиха МӘЛІКҚЫЗЫмен сұхбат)
– Сәлеметсіз бе? Пәтиха апай, мамырдың мереке күні байланысымен өнер жолыңыздағы мың бұралаң жолдар мен марапатты күндеріңізге куә болайықшы деп келіп отырмын. Тектілік дегенге өз басым өте мән беремін. Ол тәрбиелік, білімділік. Ол ұлтқа және елге жауапкершілікті үйрететін ұрық. Сол құнарлы топырақтан өніп шыққан жауқазын болсын, алып бәйтерек болсын тамырын тереңге тартып, елге саялы, жұрттың игілігіне жарайтындығына ел күмән келтірмейді. Ендеше сол құнарлы топырақтың қасиетін қай кезде сезіндіңіз?
– Мен 1944 жылы 8 қазан Үрімжі қаласында туылыппын. 4-5 жасымнан бастап өлең жаттап, ән айтуға әуес болыппын. Алғаш білім табалдырығын 1951 жыл 17 бастауш мектепте басқанмын. Сол кездерде декламацияларға шығып өнер көрсетіп, болашақта әнші болуды армандадым. Кейін 1955 жылы әкем Мәлік Жүнісұлы мен шешем Найра Рахымқызының Іле облыстық ән-би үйірмесіне қызмет ауыстыруы байланысымен отбасымызбен түгелдей Құлжа қаласына бардық. Сонымен орталау мектепті Құлжа қалалық1-орта мектепте оқыдым. 7-клас оқып жатқан кезімде Үрімжі қаласындағы көркемөнер мектебіне талданып оқуға түстім. Содан көп өтпей бізді астанамыз Бейжиңге оқуға апаратын болды. Міне осы барысқа дейін мен өзімнің өмір жолыма, ата-анамның тәлім-тәрбиесіне өте ризамын. «Өнерлі өрде озар» демекші. Институт табалдырығында да тіпті тырысуға бел байладым.
– Ендеше сол, арман қуып астанаға қанат қаққан тұстарыңызды еске алсаңыз?
– Бұл сапарымның басы қызық болды. Мен Бейжиңге баратынмды алғашында әке-шешемеде айтпадым, әбден астанаға барған соң әкеме хат жазып өзімнің Бейжиңдегі дырама коллежіне оқуға түскенімді айттым. Әкемде маған қайталай хат жазып, жақсы үйренуімді, болашақта жарамды адам болуымды, жақсы артис болуымды тілепті. Ол кез 1958 жылы болатын. Менің 14 жастағы кезім еді. Біз барған кезде мектеп бізді балапанындай құшағына басып, бізге мектептің гүлі деген атақ берді. Сол арада 4 жыл бойы ауылымызға қайтпадық. Өзің ойлашы қазіргі студенттер қыста бір, жазда бір үйіне келеді. Тіпті айына бір қайтатын балаларды да көріп жүрмін. Ал біздікі басқаша болды.
Ол кез еліміз драма саласының жақсы дамуға бет алған кезі. Біздің ұстаздарымыз шетінен шеттен оқып келген танымал мамандар болатын. Әне сол ұстаздарымыз бізді барлық кәсби біліммен сусындатты. Менің драма коллежіндегі 7 жылдық өмірім өте мағыналы өтті. Бүгінгідей артис болуыма жақсы негіз қалады. Сол кезде үйден келетін ақша мардымсыз, қазақша материял жоқ. Сонымен сол аз ақшаның бір бөліміне қытайша кітап сатып алып оқыдым. Жексенбі демалыс болса болды кинотеатр көремін. Мен ғана емес тіпті Шинжияңның драма кино саласына зор үлес қосты. Біздің Шинжияң опера театрына 4 қарар артис тәрбиелеп берді. Ал біз соның бірінші қарарындағы оқушыларымыз. 1962 жылы Шинжияңға доклат беру туындысына «Малан гүлі» атты драманы саханаластырды. Мен сонда Шияулан атты қытай қыздың ролын сомдадым.
1964 жылы «Жабайы жұйхуа» деген атпен бір кино сенериясы жазылыпты. (Кейінгі жұрт білетін «Тыйаншан қызыл гүлі» киносы осы) ол кезде мен Бейжиңде оқып жатқанмын. Біздің орталық драма институтына келгенде басшылар мен ұстаздар: оқушылар емтиханға дайындалуда, мәдениет минстрлігінен студенттердің киноға шығуына болмайды деген ұқтыруы бар. Біздің тәрбиелегеніміз драма артисы, - деп қайтарып жіберіпті. Класс тәрбиешіміз Хы Ян сол «Тыйаншан қызыл гүлінің» бас режиссоры Сүй Уидың әйелі екен. Сонымен ол кісі «Сендерге мектеп көрсетбесе, біз жақында қазақ тұрмысынан алынған бір драма қоямыз. Бұл мектеп бітірудің дайындығы. Осы орайда келіп Патиханы көріңдер» депті. Автор Оу Лин мен режиссордың көңіліне өткен оқсаймын. Ол кісілер артынан мәдениет минстірлігі мен автономиялы районның ұқтыруы мен рұқсат қағазын әкеліп, мені институттан бұрыштатып алды. Сол ұсыныс бойынша Бейжиңнен Үрімжіге ұшатын ұшаққа шықтым. Қолымда кино сенериясы бар, оқып көрсем ішінде Айгүл және Қайша атты образдар бар болып, Қайша 17-18 жастағы қыз, ал Айгүл 27-28 жастағы келіншектің образы екен. Сонымен өзім қайшаның ролындамын ғой деп тұспалдап іштей даярлықта келдім. Келгенсоң маған режиссер Сүй Уиниң бас кейіпкер Айгүлдің образын тапсырды. Бұл мен үшін недәуір ауыр болды. Себебі менің жасыммен Айгүлдің жас парқы көп алшақ. Қойшы әйтеу осы Айгүл образы арқылы кино саласына тұңғыш қадам қойдым. Әрі бұл мені бүкіл көрерменге танытты. Қысқы сыртқы көрініс Үрімжіның маңындағы оңтүстік таудан алынды, ішкі көрініс Үрімжідегі октабр трактор заводының 1-сехында түсірілді. Ал жазғы көрініс Құлжа қаласында, Сайрам бойында және Шыхызы өңірінде болды.
– Иә, осы кино арқылы Айгүл атанып кеттіңіз ғой, кейін қандай көңіл күйде болдыңыз?
– Айгүл ролын алудан бұрын мен ең әуелі Айгүлден үйреніп, одан кейін Айгүл болайын деп ойладым. Сахараның қамшысын ұстап, халықты өрге бастаған осындай бір образдың дәл өзі болуым керек болды. Бырақ кинода ол мақсатқа жеттім бе, жетбедім бе, көрермен бағалайды. Тыйаншан қызыл гүліндегі Айгүлдің образын сомдау менің тәлейіме келген орай болды деп білемін. Әйтпесе менен басқада қазақтың қаракөз қыздары толып жатыр ғой. Мен бұл ролды аса талантылығымнан немесе елден ерек мықтылығымнан сомдап шықтым деуден аулақпын. Тек орай мен өнерім өзара сәйкескендіктен болды. Мен әрқашан өзім сомдаған обыраздарымды, анақұс балапандарын алақанына салып аялағаны сияқты қорғайым, әрі өзім сүйемін. Сонымен 1965 жыл институт бітірген қалпымда Шинжияң ән-би үйірмесіне қызметке орналастым. Қызметке шыққаннан соң ойнаған ролым «Мұнай алаңындағы шайқас» драмасында бас кейіпкер инженер У Хуижын болды.
– Адам бір терінің ішінде сан арып, сан семіреді. Бір мезет сахынадан шегініп, перде артында жүрген кезіңіз болды, деседе «Қап түбінде алтын кездік жатпайды» ғой, «өлмеген құл алтын аяқтан су ішеді» дейді. Сонымен қайта сахынаға шыққанда ілгерінді-кейінді қайсы фильмдерге ролға шықтыңыз?
– Мен «Тыйаншан қызыл гүлінен» кейін «Жайлаудағы мылтық дауысы» атты кино фильмде бас кейіпкер Шолпанның ролын, «Жетім қыздың махаббатында» Аманның шешесінің ролын, «Жусанды далада» Қамқаның ролын, «Сержан» теле филмынде Сержанның шешесінің ролын, «Жың Хының батысқа саяхат» телефилмьмінде Сіриланканың ханышасының обыразын, «Жібек жолы» теле филмынде Иран патшасы, «Қанас туралы әңгіме» атты телефильмінде шешей, «Бауырластар» теле фильмінде Зорхан ролын алдым. Бұл кинофильмдер мен телефильмдер. Ал Италяның «Екі байға бір малай» атты драмасында бас кейіпкер Пиятрич ролын, «Мұнай алабындағы шайқас» драмасында бас кейіпкер инженер У хуижын ролын, Өзбекстан «Келіндер» Драмасында Саттыхан ролын, «Тұман» драмасында анар ролын, «Бикеш маған ілес» драмасында шеше ролын жақсы сомдадым. Ал «Сырмақ» драмасында келін Рашида ролында, «Күрес жолы» операсында бас кейіпкер шеше ролында, «Ана мен бала» операсында Ауахан ролында, «Аршын мал-аланда» операсында бас кейіпкер Гүлшеһра ролында, «Ғарып-санам» ролында Ғарыптың шешесінің ролында болдым. Қытайша «Яң кәйхуи» операасында бас кейіпкер Яң кәйхуи ролын сомдадым. Осы барыста кейіпкер сомдау, сенерия жаттау, обыразға ену тағы басқаны айтбағанда үш тілде сөйлеудің өзі оңайға түспеді.
– Міне осы Еңбектеріңіздің арқасында мемлекеттік және автономиялы райондық әйелдер бірлестігі жағына «8-наурыз қызылтушы» марапатына, «Шегара районды гүлдендіруші» атты медалға, мемлекеттік 1-дәрежелі артис кәсіптік атағына ие болдыңыз. Сондай-ақ, мемлекеттік театршылар қоғамының жорасы, автономиялы райондық саяси мәсілихат кеңесі 5-кезекті жиналысының уакілі, автономиялы райондық әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің орынбасар төрағасы, Шинжияң театршылар қоғамының, драматургтар қоғамының орынбасар төрағасы сынды қоғамдық міндеттерді де атқара жүрдіңіз. Әредік, кино фильм, телефильмдерден де обыраз сомдадыңыз. Демек бір әйел затының бәріне үлгеруі де бір ерлік.
Енді сұрайын дегенім:
Кино мен драманың парқы жөнінде не айтар едіңіз?
– Драма өте қиын әрі сахнаның биігіндегі өнер деп білемін. Драма сол майданда өзіңді барынша сәулелендіруді талап етеді. Көрермен сол сәтте, сол минуттарда сенің артықшылығыңмен, кемшілігіңді көріп отырады. Драмада бүгінгі өткізген қателігіңді ертеңгі қойылымда түзетіп, толықтырып алуыңа болады. Бірақ оны көрермен кешірмейді. Ал кинода ең соңғы сараланған сыюжеттен соң қайталай түзетуің мүмкін емес. Көрермен оны мәңгі кешірмейді. Қысқасы екеуі де қателыгіңе кешірм сұрауға келмейтін қатал өнерлер.
Драма сахналық қойылм болғандықтан, клуптағы көрерменге өзіңді барынша үлкейтіп көрсетуің тиіс. Мәселен: мимика, грим, киім, әрекет-қимыл бәрі де кесек алынуы шарт етіледі. Ал кино барынша нәзіктікті, шынайы, табиғилықты талап етеді. Былайша айтқанда драма бүкілдей артиске сүйенсе, кино кейде машиналармен аппараттарға сүйенеді. Демек, менің оқыған кәсібім драма болғандықтан алғаш киноға түскен кездерімде біраз қиналдым. Жаңа айтқанымдай әрекеттерім өте үлкен, сахналық бейнеге кіріп кетем. Кейін түзеттім әйтеу.
– Кино саласы сан өнердің жиынтығы, сондай-ақ, ғылым-техниканың туындысы. Режиссерлігін айтбағанда артистерге қойылатын талаптар да жетеді. Өзіңіз алған ролдарға ризасыз ба? Әттеген-ай! тұстары барма?
– Кино өнері өкінішке, әттеген-айға ең жақын өнер. Әлгінде айттым қой, бір алынып, жасалып, көрерменге таралып кеткен сыюжетті қайта түсіру мүмкін емес. Менде де көп әттеген-ай өткен. Оның бәрі кино жасалып болып, қойылғаннан кейін көрген кемшіліктерім. Амал не, түзетуге келмейді. Қайта құлшынасың, үйренесің. Менің көз қарасым: әр қандай обыразды бастаған кезімде нөлден бастауды ұнатамын. Бұрынғы сомдаған кейіпкерлеріңді есіңнен шығарып жіберіп тыңнан кірісу керек.
– Сиясы әлі кеппеген туындылар болып, кино, драмалардан ұсыныстар түсер болса, жылы қабақ танытар ма едіңіз?
– Мен не ұшын 35 жыл бойы ұйғұр халқының сахнасында жүрдім, олардың опера, драма, театрына, кино саласына да өз үлесімді қостым. Ендеше ендігі жерде өзіме ылайық келетін қазақтың тамаша драмалары мен кино сенерияларын қолыма ұстатып, ұсыныс ететін бауырларым келсе неге жылы қабақ танытпасқа, онда мен қатты қуанар едім. Бірақ біздің көркемөнерпаздарымыз бұл саладан біраз кенжелеу боп тұр ғой.
– Әншілік өнеріңізді де ұмыт қалдырмағанымыз жөн сияқты апай?
– Кішкене кезімізде әнге қызықтық, бірақ мектепте басқалай білім алдым. Сол үшін мен кәсби әнші емеспін. Кейін келе радио-телевизианың талабы бойынша азды-көпті сахынада ән салғаным бар. Ол кезде біздің мекемеде Қарыс Ашыров деген Өзбек композитор бар еді. Қазақша әндерді де тамаша жазатын. Бұл кіснің әндерін мархұм Хамит Ысқақұлы, Назар Сымайылұлы да көп орындайтын-ды. Менде солардың қатарында орындағаным бәр. Кейін танымал әнші, менің досым Тұран Құсайынқызы екеуіміз қосылып ән айтып жүрдік. Тұран болса композитор әрі кәсби әнші. Ал менің дауысым оған сәйкес келген болуы мүмкін. Сөйтіп дами келе Тұранмен бірлікте бір естелік сипатындық албом шығарғанбыз. Әрине, ол дэскамыз тізулі күйі сөреде қалған жоқ, халықтың жақсы бағасына ие болды. Қысқасы мен әнші емеспін тек өз дауысыма түсетін әндерді өз мәнерінде орындай білетін ән әуескерімін десем ылайық сияқты.
– Сіздің жүрегіңізден өнер атаулыны жатсынып, жатырқамайтыныңызды байқап отырмын, көп қырыңыздың бірі жарнамалардан да көрініп жатады. Сол жарнамалар хақында не айтар едіңіз?
– Жарнама деп отырсың ғой, бірақ мен көп нәрселерді жарнамаламадым. Не бары үш түрлі жарнамаға ғана көрніс бергем. Бірі ұйғұрлардың «Шннұры» деген безену бұйымының үлкендер стететін түріне жарнамалық көрніс бердім, енді бірі кәдімгі өзіміз өмір бойы тұтынып келе жатқан «Шяң-И шайының» қорабы жаңаланғаны себепті соның жарнамасына шықтым. Соңғысы «Салқын үйдің» жарнамасына қызыммен бірге шықтым. Менің ойымша жарнамаланатын бұйым шын, тұтынушыларға зияны жоқ халықты алдамайтын болса, әрі бұйым өзімнің жасыма немесе кәсібіме ылайық келсе кәсіпкерлерді қолдау ретінде жарнамалап беруге болады. Алайда өтімі жоқ, не базарда толық маркасы болмаған тауарларды жарнамалау менің жасымдағы адамдарға абырой әкелмейді ғой. Мысалы ауылға бара қалсам ондағы жұрт ой апай сіздің шайыңызды шіп жатырмыз деп, шынында сол шайды құйып қос қолдап ұсынып жатады. Шай ішпесек басымыздың сақинасы ұстайтын қазақпыз қой. Әрине, олар ғана емес өзімде бұрыннан Шяң-И шайын ішемін. Міне бұл дегеніміз тауардың сенімділігі. Сол үшін жарнаманың шын жалғандығына көзім жетсе ғана көрініске шығамын.
– Шетелде гастролдық сапарада болдыңыз ба?
– Менің тұңғыш аяғым тиген мемлекет Жапония еді. 1988 жылы Қытай театршылар қоғамының орналастыруымен әйгілі дыбыс режиссері Яу Шижуан, театр режиссоры Ой Яң Шанжиын қатарлы 6 көркемөнершілермен бірге 15 күн болдық. Токио, Жиынду, Миңгууда болдық. Әйгілі Фудзияма тауын тамашаладық. Ол жақтың әйгілі кино, театр режиссерлері мен өнерпаздары бізбен бірге болды. «Теңізге махаббат» бас кейіпкері Ли Ян Шяу Жуан бізбен бірге болды. Жалпы Жапония өте мәдениетті, таза ел екен. Адамдар ара сыйластық, адамгершілік өте жоғары екен. Екінші рет 1992 жылы әйгілі артис Апрел Самет, опера театр бастығы Тұрсын Тоқты қатарлы өнер адамдарымен бірге Қазақстан республикасына бардық. Жалпы 70 адам, Алматы, Қырғызыстан Бішкекте өнер сапарында болып, «Ғарып-санам» сынды драмаларды 10 неше майдан қойдық. Мен сонда артистіктен сырт, концерт көркемөнер жетекшісі болудан ауыр міндет атқардым. Қазақыстанның әйгілі ұйғұр әншісі Мұрат Ахмади бастан аяқ бірге болды. Біз Жұңхуа мәдениетін, Қытай театрын үгіттеп барғандықтан ол жолы қазақ тілінде драма қойылмады. Жалпы Алматыдағы күндер болсын, Бішкектегі сапар болсын, өте көңілді болды.
– «Жігіттер жігіт болсын азбайтұғын, жолынан ақиқаттың жазбайтұғын, тұрлаулы ой, түйінді сөз тұрақ болсын, біреуге сыртына ор қазбайтұғын,» - деп ақын Таңжарық Жолдыұлы жырлаған еді. «Көрікті мекен» «Ақ сарбас» «Гүлбике» қатарлы көптеген кинолар мен теле сериялдар экран бетіне көтеріліп алтын қорымызды көбейтіп жатыр. Осындағы жастардың болашағына не күтесіз?
– Қытай қазақ кино саласы десе Жанар Сағатқызына үлкен үміт күтемін. Ол қазір Қытай ғана емес, Қазақыстан, арысы Европа елдеріне танылған кино режиссері болды. Оның «Аптаның сегізінші күні» «Бір дәуірдің жастары» «Таң атар алдындағы астыртын сайыс» қатарлы теле сериялары өте тамаша! Сондай-ақ, «Көрікті мекен» фильмндегі Қайрат Ғалымұлы, Әлімжан Тұрысбекұлы, «Наратқа махаббат» атты теле сериялдағы Алтынай, «Гүлбике» Дабыл Қибатұлы қатарлы жастардан зор үміт күтуге болады. Кино артисі, режиссері, телефильм артисі, драма актері бұл жүйелі білім алуы, көп тілге жетік, өнерлі, кәсіптік сапа болғаны абзал. Міне осы өнерлер бір арнадан қосылғанда сенің сомдаған ролың сәтті, өнерің үстем болып тасың өрге домалайды. Мен өз кезімде қыз да, шешеде, әжеде, ер де, әйел де, қазақ, ұйғұр тіпті қытайдың да ролын алдым. Қытайлық та, шетелдік те болдым. Осының бәрі оқудың, арнаулы тәрбие алудың натижесі. Адам тәрбиенің жеміс ғой.
– Кейде осындағы әртистердің экранға шыққаны емес, қазақ ұлтының, тұрмыс салтының режиссерларды қызықтырып, олардың осында кино түсіруіне дән риза боласың. Мысалы: мен 2011 жылы Баркөл ауданының шығыс қара қол деген жерінде Қытайның 10 үздік режиссерінің бірі Тыйан Жуаңның «Қасқыр зауалы» атты фильмінің түсірілген жерін барып көріп қайттым. Әрине, бұл жердің кино үшін салынған құрылыс, ерте заманғы үй, жер кепе сынды құрылғылары өз қалпында тұр. Сондай-ақ, 2012 жылы Текес аудан қалашығынан, Қаражон жайлауынан түсіріліп жатқан режиссер Ауияң Фынчяңның «Сүйкімді батыр» фильмі түсірілді. Әйгілі режиссерлардың мұнда кино түсіруінің өзі бізге қуаныш сыйлайды. Бізге кино, телефилым саласы түйе боталағандай жыл аунап бір келгенімен ауылы алыс емес екенін білдіреді. Міне соған біздің режиссерлар, әртистер дайынба екен деген ой көкірегімді керней береді.
Көп қарбаластықтан уақыт тауып, сұхпатта болғаныңызға рахымет айтамын. Зейнет күндеріңізге көңілділік тілеймін!
сұхбаттасқан Қуандық КӨБЕНҰЛЫ
6alash ұсынды