Жаңа ән «Ой, дүние-ай»
«Ой, дүние-ай» ойлы туынды...
«Ой, дүние-ай» ойлы туынды. Бұлай дейтініміз, қазір ойсыз, нәрсіз туынды арам шөптей қаптап кетті. Ойсыз туынды, ойсыз тыңдарман тәрбиелейді. Өйткені, өнердің тәлімдік қуаты ересен болмақ. Ал, мына, толған айдай, түрт аяғын тең салған жорғадай жаңа туынды «Ой, дүние-ай» тыңдарманын әсем саздың иріміне тоғыта отырып, уақыт, өмір, адамдық, кіслік хақында ойлантады.
Перштедей боп өмір есігін ашатын пенде, шимайға толы ақ қағаздай болып өмірден өтеді. «Бес күндік жалған» деп өздері түйіндеген қысқа ғұмырдың кезеңін кім адалдықпен асып, кім кіслкпен кеше алды дейсіз? ! міне, «Ой, дүние-ай»-тазалықтың туындысы.
Әннің өлеңін жазған ақынымыз, кеудесінен жусан иісі бұрқыраған, табиғаттың арда күреңі Әділбек жәкей ұлы. Музікәсін жазған, «Жан сырым», «Әжем-ау», «Дала сазы», «Қайран жастық» қатарлы танымал әндерді авторы, сазгер, танымал дыбыс актері болат аққу ұлы. Ал, орындаған, сәуірдің майда лебіндей қоңырдауысты әніші, Қазақ еліндегі өнер жұлдызы саят Медеов. Ән шыға салсымен қазақ радиосның алтын қорына жазылды. Төрт тұрманы сай келген тамаша әнге жол болсын!
Қуаныш ІЛИЯС
сөзі: Әділбек Жәкейұлы
әні: Болат Аққуұлы
орындаған: Саят Медеу
(Әннің толық текісі)
Ой, дүние-ай
Алтыннан тамыр алсада,
Ағаштың түбі - тамыздық.
Атадан алтау туса да,
Адамның түбі - жалғыздық.
Қонақпен төрі тозбаған.
Қарау бай сынды дейді өмір,
Жұртына құзғын қонбаған,
Жарлы ма дейсің кейде өмір.
Саушылық күнге құлшылық,
Аман да, деме жаманмын.
Құндызы қалмас қырқылып,
Жамандар алған жағаңның.
Ақылдан жарақ тағынсаң,
Қастықтың қолы жетпейді.
Батадан сауыт жамылсаң,
Қарғыстың оғы өтпейді.
Көктемде өскен гүлдермен,
Күз жайлы келмес кеңескің.
Моладан алыс жүргенмен,
Ажалдан алыс емессің.
Алмастан соққан ақ семсер,
Батырдан қалса тұл болар.
Отырған орыны тақпен тең,
Бақ тайса ерде құл болар.
Байлықысыз ғұмыр болар ма?
Алалдан болсын жиғаның.
Таңдайда дәмі қалар ма?
Еңбексіз өскен миуаның.
Қаңбағы едің қай маңның,
Өмірді соққан жел дейді.
Қаршыға қанат Қайран күн,
Қайрылып қайта келмейді.
6алаш ұсынады