Асқат Кәукерұлының өлеңдері
Асқат Кәукерұлы 1965 жылы 17 қазанда ҚХР-ның СУАР-ның Құтыби ауданында туған, 1984 жылы еңбек жолын туған ауылында қыстақ әкімшілік қызыметінен бастаған болатын, негізгі сатыда еңбек ете жүріп өзінің жеке таланттының арқасында сол кездегі әдеби, қоғамдық басылымдарда көптеген мақаларымен өлең, әңгімелері және жер-су атауларына байланысты зерттеу мақалалары жарық көреді, аудандық тарихыи материялдар жыйнау жазыу істерінде белсенді еңбек етеді, әсіресе ауыл тынысы бейнеленген әдеби қабарлары облыстық, автономиялырайрндық ақпарат құралдарында үзбей жариаланып тұрады, 2003 жылы ата жұртқа оралған соңда жеке кәсіпкерлікпен айналыса жүріп, өзінің көңіл толғанысынан туған өлең жырларын оқырман қауыммен бөлісіп отырады.
Өмірдің төрт маусымы
Көктемді кештім көкорай,
Арманға жақын, көп орай.
Қалыңсыз келген қыздай боп,
Қадырсыз кетті, обал-ай!
Жаздыда көрдім жәйқалған,
Теңіздей тасып ортайған!
Жарқышақ түскен қайықтай
Жағада қалдық шайқалған,
Деп жүріп мәңгі көлдемін
Көлдеде жүріп шөлдедім
Қадірін білдім шілдеде,
Мамырдың гүлін термедім.
Шілдеде кетіп қыз демді,
Енді Сарша күз келді.
Қыр астында Қыр күйек,
Шақырып жатыр біздерді!
Қыркүйек күздің басыма?
Қалыңдап қылау шашыма.
Мезгілсіз берсе қабарын,
Жасыма көңіл,жасыма!
Одан ары Қазан бар,
Қайғының желі озандар.
Қадірсіз кеткен күндерге,
Қайырып тартар жазаң бар.
Аржағында Қараша,
Күй кетер тоңғақ танаша.
Кемпірің жәйлап шәй берсе,
Сол болар қызық тамаша.
Ең қыиыны Желтоқсан,
Асыуы биік бел тоқсан.
Берерің жұртқа қалмаса,
Жантайа кетер жер тапсаң....
Өмірдің сиқы осылай
Айағы жұтаң, басы бай.
Мәңгілік үшін қайғы ойла
Мәңгісіз үшін жасымай!
Бұл өмір бейне төрт маусым,
Келдіңде кеттің жоқ, барсың.
Алдыңда тағы шын өмір
Жаратқан болсын жоқтаушың!
Сарыарқа
Жәйлған дастарқандай дарқан елге,
Сарарқа, кім теңессін мәртебеңе!
Бір сыр бар маған ыстық, маған қымбат ,
Бабамның басы қалған әр төбеде!
Өтпеймін, дұға қылмай, әр белеске,
Тұрғандай кірпік ілмей әр белесте!
Қорғаған жаудан елін қайран ерлер,
Тариқым қанға толы зарлы емеспе.
Үстінде біз зулаған қара жолдың,
Етегі жасқа толып аналардың,
Кім білсін қанша қыршын аштан өлді?
Бір түйр зары өткенде қара нанның.
Астында біздер жүрген нұр қаланың,
Қанша боздақ жер құшқан, бұлда мәлім!
Солардың руқына бас имеген,
Ұл-қыздың кешіре көр күналарын....
Сарарқа, дән толқыған дастарқаным,
Ай сүйген болмасада асқар тауың.
Көкшетау, Баяанауыл, Қарқалалы,
Жауымнан қорғанатын бас қалқаным.
Тәбиғат мұнша неткен шеберме едің,
Жәннатпен,төзақтыда сенен көрдім,
Кенжесі төрт биктің Ерейментау,
Көшіңді орта жолда шөгергенің...
Қос бұрым- Есіл,Нұра тарқатылған,
Жататын Алты Алашқа тарқатып ән.
Ерлікпен, серіліктің түп мекені,
Ән-жырдың қазынасы Арқа тұнған.
Нан берген, әнде берген дүйым елге,
Май біткен малға шүлен түгіңеде.
Сарарқа, ұлылықтың топырағы,
Тудырғанан сан алыпты дүниеге.
Ақанның ерттеп мініп- Маңмаңкерін,
Сарарқа кеңдігіңді шарларма едім...
Желпінтіп, Жетісуды сергітеді,
Оралмен, Орымбордан алған демің.
Шапанның шалғайындай жәйғасып кең,
Сертіңді Маңғыстаумен байласыппең.
Пірлерім саған қарап бет сипайды,
Түркістан,Әулиеата, Ақмешіттен.
Білсе екен қадіріңді біздің ұрпақ,
Сатпасын сүйем жерін қулығын сап.
Киелі Қазағымның қақ төрісің,
Алтай мен Атыраудық бірлігін тап!!!
Айтар көп Арқа жәйлі асқақ аңіз...
Еншіге беріп кеткен Сақ бабамыз.
Бас иіп сан бабаның руқына,
Ордасын тікті төрге Астанамыз!!!
Жаратқан бізді енді алалама!
Ханғада бірдей болған, қарағада.
Біздерге Сарарқасын сыиға тартқан,
Рақымет! Батыр туған бабаларға!
Мен....
Бабамның ескі жұртына,
Іргемді тастай бекіткем.
Мұңымды шәшпай сыртыма,
Су кештім талай етікпен.
Сағыныш толы жүректі,
Кеудеге байлап торсықтай.
Туған жер тағы жүдетті,
Барыуға соқпақ жол шықпай.
Бошалап кеткен Іңгеннің,
Ботасы қызыл нар болды.
Қарымы күшті іргенің,
Қамалы биік жар болды.
Замана қыңыр, қас қылса,
Қыжырта жүріп көнгеміз.
Жаралы шолақ қасқырша,
Тілменен жалап емдерміз.
"Сабырдың түбі сары алтын,"
Сандықтап жыйдық, сабырды,
Қағына қара қазақтың,
Қарғамен құзғын жабылды.
Кеудені басқан қара тас,
Кетседе батпан табы бар.
"Қатын ауырыу", "бала жас",
"Қырсығым кедей",тағы бар.
Ғасырлап жаққан күстана,
Маңдайда құлдық сорым бар.
Үстіме киген тек қана,
Қазақы ойыу тоным бар.
Кінәліміз ...
Байағыдай, бізге көктем гүл жармас,
Біздер үшін айда күліп нұрланбас.
Алай дүлей дауылымен жауыны,
Айақ асты ашуланып бұлданбас.
Төбемізден төкпес гүлін ақ қарда,
Біздер үшін жазбас ыстық хаттарда,
Атымызды ойып жазған жаралы,
Қартайып жер құшқан шығар жас талда.
Айсыз аспан құс жолымен самсамас,
Жапырақта дір етпейді тамса жас.
Үйткені біз туған жерге бөтенбіз,
Бөтен жанды желде іздеп шәршамас.
Ақ бас таулар, мойын сөзбас біздерге,
Қыймай-қыймай қарап тұрмас күн белде,
Үйткені біз, біле алмадық қадрін,
Кінәліміз, кінәліміз бүл жерге.
Бізді күтіп мөлдіремес бұлақтар,
Ай астында маужырамас қырыттыр!
Үйткені біз туған жерге бармадық,
Туған жерде бізден енді жырақтар.
Сен екеуіміз
Сенде мені , менде сені сүйппін ,
Сен жанғанда мен өртеніп күйппін .
Саған берген бір сертімнің күшімен,
Биігіне шығып келем, биіктің .
Менде сені , сенде мені таңдадың,
Арманыңды арманыма жалғадың!
Екі арманды ескек қылып қайыққа
Ағысына қарсы жүзем арнаның .
Менде сені, сенде мені ұнаттың,
Жинағымыз екі сезім бұлақтың
Сол бұлақтың жағасында жәйқалған,
Сусынымыз бала дейтін құрақтың.
Менде сені, сенде мені қаладың,
Бірге аттадық қатал өмір қадамын.
Мен құласам сүйеу болдың қайыспай,
Сен қисайсаң тіреу болып жарадым.
Менде сені, сенде мені қорғадың,
Қиын маған сенсіз жерде болмағым,
Қиын саған менсіз жерде болмағың,
Менде аман, сенде аман бол жаным !
Асқат КӘУКЕРҰЛЫ
6alash ұсынды