"Асыл арда Алтайым"

сөзі:  Сұлтан рамазанұлы Жанболатов

әні:  Тұяқ Айтақынұлы Шахқайымов


Бір тізерлеп кеудеме қол тартайын,

Армысың ағажайым-алтайым.

Ақиықтар мекен еткен асқарлар,

Ерке Ертіс, қалың орман, тал-қайың.

Қайырмасы:

Есімдесің әр дайым,

Асыл арда Алтайым.

Әлемге әйгі атың бар,

Қол жетпес құнды затың бар

Анасың талай асылға,

Куәсің сан ғасырға.

Тарихтың алып есігі,

Тілдестер алтын бесігі.

Шыңдар куә айырған бұлт арасын,

Талай тауға ертеден зор ағасың.

Қойныңа алған жаухарларын тарихтың,

Тау ғана емес, өркениетті қаласың.

(қайырмасы)

Асқарыңда қалықтаған қыраның,

Аспаныңда шарықтаған жыр-әнің.

Нәр алмаққа асылыңнан келіп тұр,

Сағынышы аңсаттырған ұланың.

(қайырмасы)


Сұлтан рамазан ұлы Жанболатов. 1936 жылы 1-айдың 1-күні, Тарбағатай аймағындағы Шағантоғай ауданының қаракемерінде, малшы отбасында дүниеге келген. Орталауды тауысқасын, 1952-1953 оқу жылында Тарбағатай 2-орта мектебінде мұғалым болып, 1953-1956жылдары шинжаң институты физ-мат факултетынде, 1957-1961 жылдары чаңчұндегі жилин университеті физика факултеті радио-электроника мамандығында, 1979-жылы бейжін өнеркәсіп унверситетіндегі Аспиранттардың компьютер күрсінда оқыған.

Сұлтан 1956-1986 жылдары шинжаң университетінің физика факұлтетінде 30жыл оқытушы болды.

Осыдан кейін, лектөр, Қытай қазақтарынан тұңғыш дөтсент (1982-жылдан), кафедраның және информация Зертханасының меңгерушісі, факултет декәннің орынбасары (1982-жылдан), университет бастығының орынбасары(1983-жылдан), магистрлер жетекшісі (1985-жыл), Қытай электроника қоғамының басалқа мүшесі, Қытай азұлт жазуындағы информацияларды өңдеу қоғамының ٴторағасы, ШҰАР ғылым және техника қауымдастығының тұрақты жорасы, ШҰАР жоғары оқу орындары кәсіптік қызмет атақтарын әттестәттау комисиясының бастығы, т.б. Қызметтерді өтеді. Радио-электроника мамандығын (қазіргі шинжаң университеті электроника факултетінің тағанын) құрып шығуға басшылық етті. Төте жазуды компьютерде быржақты ету жүйесін жаратқан топқа жетекшілік етіп, «Ғылым-техникалық ілгерілеу» сыйлығын (1985-жылы) алды. «Компьютер принциптері», «Жартылай өткізгіштік радиоқабылдағыш», «Магнитофонды радиоқабылдағыш»,  «Калкулятор», т. Б. Техникалық кітаптары сол жылдары жарық көрді.

Сұлтан 1986-1996 жылдары ШҰАР оқу-ағарту көмитеті ٴторағасының орынбасары, бұған қоса оқу-ағартуды зерттеу институтының профессоры (1988), ШҰАР-дың «Төтенше үлесі баржас-орта жас маманы» атағының және оның бірінші дәрежелі сыйлығының иегері (1990), жоғары оқу орындарында ٴбылым беруді зерделеу институтының басшысы және аға зерттеушісі, ұрымжы кәсіптік университетінің профессоры(қосымша) болды. Ал, 1993-2003 жылдары 8-және 9-кезекті мемлекеттік халық құрылтайының уакілі, оның ұлттар комисциясының мүшесі қызметін өтеді. 2005-жылы дүниежүзі қазақтарының 3-құрылтайында оның 7 кісілік ٴторалқасына мүше болып сайланды. ұрымжы кәсіби университетінің профессоры болудан сырт, ШҰАР телеуниверситеті, Қазақстанның Астанадағы еуроазия ұлттық университеті, қ. Шакарым атындағы Семей университеті сықылдылардың да құрметті профессоры атанды.

С.Р.Жанболатов 1986-жылдан кейін, Яғни лабораториядан қол үзіп, техникалық мамандығын жалғастыру мүмкіндігінен айрылған соң, әкімшілік қызметтерін талаптағыдай атқарудың сыртында, өзі бала Жастан қызығатын, 1962-жылдан бері үздік-создық(«Домбыра физикасы» секілді очерктер, «Аруақтар арасында» сықылды ғылыми фантастикалық әңгімелер жариялап) араласып келген көркем әдебиетке бұрылды. 1994-жылдан бастап «үйсын хикаясы» атты («Елжәу күнби», «Саншора күнби»,  «Оңғай күнби» романдарынан тұратын») трилогиясы жарық көрді және елімізде мемлекеттік кітап, ШҰАР-лық «Үздік туынды» сыйлықтарына ие болды. Ол бертінде, Қазақстанда, 20-ғасырдағы қазақ тілді 100 роман атты бағдарламаға (алғашқы нұсқасына) енді. Сұлтанның осы Еңбектері ескеріліп, 2004-жылы,) лию шауу, уаң иұйху, иұсұ мамай, ғазы әмет, паша ишандармен бірге тұңғыш «Тыйаншан әдебиет-өнер сыйлығындағы»  «Үлес» сыйлығын алды. 2008-жылдан бастап шинжаң қазақтарының шағын бір тобының 20-ғасырдағы өмірін суреттеген «Біз» атты автобиографиялық трилогиясы бейжінде және Қазақстанда жарық көрді әмбе Қазақстанның «Халықаралық алаш әдеби сыйлығын» еншіледі. Жуықта «Ежелгі ұлыс тарихы»(«ұйсыннама») атты, ертедегі ұйсын мемлекетінің тарихын баяндаған кітабы және «Қазақ тарихынан сауат» атты еңбегі «Ата жұрт» баспасы тарапынан жарыққа шықты. «Қазақ тарихынан сауат» атты еңбегі орталық халық радиосы арқылы таратылды.

Сұлтан мемлекеттік жазушылар қоғамының мүшесі және Қазақстан жазушылар одағының шетелдік мүшесі. Аталған Еңбектеріне орай Қазақстан президенті Назарбаевтің бекітуі арқылы, 2002-жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 10жылдығына арналған мерекелік медалмен сыйланды, 2007-жылы Қытай мен Қазақстан халықтарының мыңдған жылдық тарихи берекесі жырланған «Үйсін хикаясы» атты трилогиясы үшін «Достық» орденімен марапатталды. 2004-жылы Қазақстан ғылым академиясінің «Қазақ ғылымына қосқан зор үлесі ұшін» грамөтасына ие болды.

Сұлтан, аталған еңбектерінен сырт, ағарту, тіл, жазу, т. б. жөніндегі мақалалары мен әңгіме, хикаят, өлеңдерін қосқанда 20 томнан астам еңбектің авторы. Бұлар шетінен жарық көруде.

Тұяқ айтақын ұлы Шахқайымов. 1940-жылы дүние есігін ашқан. Шинжяң университеті математика факултетін тамамдаған. Ілгерінді-кейінді алтай орта мектебінде, Алтай аймақтық сыфан мектебінде, Алтай аймақтық оқытушылар білім толықтыру коллежында математика оқытушы, оқыту группәсінің бастығы ; іле оқу-ағарту иниститутында (қазіргі шинжяң қолданылмалы кәсіптік техника иниститутында) матыматика оқытушысы, физ-мат факултетінің декәні қатарлы міндет атқарған. Тұяқ айтақын ұлы еліміздің оқу-ағарту шебінде ұзақ жылдар оқыту, талым-тәрбие қызметымен Шұғалданып, ұрпақ тәрбиелеу, оқытушыларды жетістіру жолында аянбай тер төгіп, өшпес Еңбек сіңірген ардагер. 1956-жылы ата-анасымен бірге 16 жасында отанға оралған мұхажыр, отаншыл Қайраткер. Содан бері компартияның тәрбиесінде есейіп-ержеткен коммунист. Майталман педәгөг. Талай рет озат оқытушы, үлгілі қызметкер, үлгілі партия мүшесі болып нәгрәттәлді. Обылыстық қос озаттар жиналысының 1-дәрежелі сыйлық иегері, иниститут оқытуына 3-дәрежелі Еңбек сіңіру атағын еншілеген Қайраткер. Математика ғылымы бойынша дөтсент. Мемлекеттің «жұңхуа әйгілі адамдар шежіресі»«, «Қытай аз ұлттардың маман оқымыстылар сөздігі» қатарлы түйінді кітаптарында ізгі істері таныстырылған маман.

Тұяқ Шахқайымовтың қыруар математикалық және педагогигалық ғылыми мақалалары мен басқада әдеби, тарихи, шежірелік және монограпиялық мақалалары басылым беттерінде жарияланды. Мемлекет баспасынан басылым көрген: «арифмэтика», «тригонометриялық есептеулер», «математика және математиктер», «шахмат» қатарлы кітабтары бар. «жылыстап өткен жылдармен жылжыған өмір өрнектері атты екі томдық эссе романы басылымға ұсынылды. «жалынды жылдар мен алымды жылдар» атты кітабы жазылып болып, баспаға ұсыну алдында тұр.

Өзінің 44 жылдық қызмет стажында ұрпақ тәрбиесі жолында көз майын тауысып, жүрек қанын сарыққан бағбан, аяулы ұстаз. Ол, майталман педәгөг ретінде, ілгерінді-кейінді шинжяң газеті, алтай газеті, шинжяң оқу-ағарту журналы қатарлы басылымдарда, сондай-ақ елімізде түрлі сала маман Қайраткерлерін таныстырған ٴбыр неше кітапта ізгі істері таныстырылды.

Аталмыш маманның енді ٴбір ерекшелігі ән-музыкә әуескері, мандалин, гитара, гәрмөн, домбыра ойнайды. ”бауыр етім балаларым“, “Аққулар жазы” (С: Құмарбек сақарин), ”сол күндер-ай“, ”туған жер“, ”иыйститут кеші“, ”шәкіртке сәлем” , ”жапырақ жүрек жас қайың“(С: М. Мақатаев),  "Қайран да есіл қарттарым ", ”ақ халатты періште“, ”асыл арда-алтайым“ қатарлы ٴәндер , "ауыл шаттығы " атты күй музікәсін жазды.

Мәндалинде ән-жыр музікаларін тамылжытып ойнаумен бірге "саржайлау ", "ата толғауы ", "адай ", "көш керуен ", "аңшының зары ", "ақ жауын ". . . Қатарлы 30 дан астам күй орындай алады. Бүгінде бала-шағаларының, жанашыр дос жарандарының, аға-бауырларының арасында әні қалмай, саусағы талмай келе жатқан өнерлі   жан.

Жас кезінде спортшы болыпты, Валиболдан мемлекеттік 2-дәрежелі спортшы сынды кінешкәлі знәк иегері. Ал, шахматты ٴбір кісідей ойнайды. Шинжяң райондық жарыстың 4-дәрежесін ұтып алған шаыматшы. Қытай математика қоғамының мүшесі, шинжяң математика қоғамының жорасы, Күйтің қалалық мұғажырлар бірлестігінің орынбасары, шинжяң оқу-ағарту журналының тілшісі, облыстық музыканттар қоғамының мүшесі қатарлы міндеттерде болды. Бүгінгі күнде пенсиөнер.

6alash ұсынады