Азамат Есенжол: Абайдың құтысы
Елордадағы Ұлттық музейде хакім Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай бұрышы» ашылды. Оған мұражай қорында сақталған бірнеше құнды жәдігерлер қойылды. Соның ішінде ақынның қолының табы қалған құты ерекше көзімізге түсті.
Бұл жәдігерді мұражайға Семейдегі Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі сыйға беріпті. 1883 жылы Абайдың орыс достары Н.Долгополов пен Н.Лобановский Семей қаласында алғаш «Өлкетану музейін» ұйымдастырады. Сол кезде ақын қазақ этнографиясын насихаттау мақсатында өз қолымен құтыны тапсырыпты. Сондай-ақ хакім бұдан бөлек ол музейге 60-тан астам құнды дүниелерді сыйлаған. Солардың арасында бүгінгі ұрпаққа жеткен тұмар домбыра, дауылпаз секілді музыкалық аспаптармен бірге қымыз піспек, ожау, тегене, көнек секілді тұрмыстық бұйымдарды айтуға болады.
Астана ақшамынан алынды
6алаш ұсынады