Жараған бура
Бура – айыр түйенің жыныс қуаты жетілген еркегі. Ал біртуар мен қоспақ нардың буралыққа қалдырған еркегін нар бура, таза аруана мен үлектен туғанын үлек деп атайды. Бураны мінезіне қарай да түрліше атаған. Бура қаңтарда жарайды, жараған Бура күйіті келгенде бір ай оттамайды, су ішпейді. Қаңтардан мамыр айына дейін келеге түседі; шабынған Бура аузынан ақ көбік шашып, тісін қайрап сықырлатады, артқы тірсегін бүгіңкіреп аяғын талтайтып, бөксесін шөмейтіп, кеудесін көтеріп, құйрығымен тақымының арасын ерсілі-қарсылы сабалап, айбат шегеді; аю бура қызыл көз, ызақор, жараған кезде көш жерден салт аттыны қуып адамға түседі. Жараған кезде аю Бураға кісен салады, тым қауіптілеріне тұмылдырық кигізіледі. Бура кекшіл, оны жәбірлеуге болмайды.
Қалиакбар фотосы
6alash ұсынады